Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін "Шипагер"медициналық колледжінің еңбек ұжымымен кездесу өтті. Тағы бір кездесу "Сұңқар қоғамдық әлеуметтік даму қауымдастығы" еңбек ұжымымен өтті.

Бүгін "Шипагер"медициналық колледжінің еңбек ұжымымен кездесу өтті. Колледж студенттер үшін есігін 2016 ж. қыркүйек айында ашты, бірақ ашылуына көп бола қоймаса да, білім ордасы қазір білікті кадрлар даярлайтын елорданың болашағы зор оқу орындарының бірі.

Колледждің оқытушылар құрамымен кездесу барысында лдағы референдум туралы, дауыс берудің,өз таңдауымызды жасаудың маңыздылығы туралы әңгімелестік. Түзетулер алдағы уақытта елдің саяси өміріне қалай әсер ететіні туралы сұрақтар қойылды. Біз барынша жауап беруге тырыстық. Ең бастысы, конституциялық реформа азаматтық қоғамның мемлекеттік деңгейдегі мәселелерге қатысу мүмкіндігінің артатынын атап өттік.

Тағы бір кездесу "Сұңқар қоғамдық әлеуметтік даму қауымдастығы" еңбек ұжымымен өтті. Кездесуде ҚР Сұңқар қызметкерлері жаңа түзетулер арасынан "Жер және оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар әлемі, Басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады" нормасына аса назар аударды. Шынымен де, бұл норманың Конституцияда түпкілікті бекітілуі үлкен саяси мәнге ие.