Тағы бір кездесу "Медина"балабақшасының ұжымымен өтті. Мұнда кездесудің негізгі тақырыбынан басқа мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері көтерілді. Кездесудің басты тақырыбы – конституциялық реформаға келетін болсақ, педагогтар енгізілуі мүмкін түзетулерге белсенді қызығушылық танытады. Өз кезегінде, біз конституциялық реформа біздің күнделікті өмірімізді өзгертетінін, азаматтық қоғамға мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдауға тікелей ықпал етуге мүмкіндік беретінін атап өттік.
Бүгінгі кездесу Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы ұжымымен өтті. Кездесу барысында мен Конституцияға қандай өзгерістер енгізіліп жатқанын айтып, сұрақтарға жауап бердім. Соңында, әрбір қазақстандықтың референдумға қатысуының маңыздылығы және негізгі заң қабылданғаннан кейін бізді қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы айтып берді. Барлық сайлау учаскелеріне келіп, жаңа Қазақстанды құру үшін өз таңдауыңызды жасаңыз!