Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
" Қазақстан Халық банкі "АҚ ұжымымен және Platinum" қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлерімен кездесуде

Осы аптада республикалық референдум қарсаңындағы сайлаушылармен кездесулерді жалғастырып жатырмыз. Бүгін "Platinum" қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлерімен кездесуде алдағы референдумның маңызы туралы айтылды, бұл күні жасалған таңдау біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсер етеді. Жоспарланып отырған түзетулер мен өзгерістер әрбір азаматқа қатысты болады, өйткені Конституциялық реформа ең алдымен билік жүйесін жаңғыртуды көздейді.

Сондай-ақ тағы бір кездесу " Қазақстан Халық банкі "АҚ ұжымымен өтті. Мұнда банк мамандары Homebank қосымшасындағы жаңалық туралы айтып берді. Енді қосымшаның әр қолданушысы,бұл дегеніміз шамамен банктің 6 миллион клиенті, өздерінің сайлау учаскелерін өз смартфонынан оңай таба алады. Сонымен қатар банк қызметкерлері алдағы сот реформалары бойынша, атап айтқанда Конституциялық сот сияқты маңызды енгізу туралы сұрақтар қойды. Енді әрбір азаматқа Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі. Конституциялық соттың пайда болуы азаматтардың конституциялық бақылау мүмкіндігін кеңейтеді және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқық қорғау құралдарын, әлеуетін күшейтеді.