Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2022 жылғы 4-13 шілде аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесулер өткізеді.

2022 жылғы 4-13 шілде аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Бірінші кездесу бүгін Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы Жүрек» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті. Мұнда ақыл-ой дамуында артта қалған, хромосомалық аурулары, аутизмі бар балаларға арнайы-әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Мекемедегі балалар жасына, жынысына және психикалық және физикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлінеді. Орталық тәрбиеленушілері Spesial Olimpic және Жұлдызай сияқты қалалық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға белсенді түрде қатысып келеді. Соңғы 10 жыл ішінде күндізгі стационардағы орындардың ұлғаюына байланысты көптеген ата-аналар жұмыс істеуге мүмкіндік алып, осылайша көп балалар өз отбасында қалды

5 жылдан астам уақыт бойы Орталық елордалағы медицина академиясының, Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Республикалық психиатрия, психология және психотерапия ғылыми-практикалық орталығының студенттері үшін ғылыми-практикалық және оқу базасы болып табылады.2018 жылдан бастап мекеме базасында шетелдік студенттер оқудан және тағылымдамадан өтеді.

Кездесу барысында орталықты қайта жабдықтау және сабақ өткізуге арналған ғимараттарды күрделі жөндеу мәселелері көтерілді. Мәселе бақылауға алынды, біз тапсырмалардың орындалу барысын қадағалайтын боламыз.

#deputatAmanat #депутатАманат