Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қарағанды облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің, Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары келді

Көтерме-тарату орталықтары желісін құру әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешуге бағытталған. Бүгін Қарағанды облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің, Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары келді. Өңірде Қарағанды облысында көтерме-тарату орталықтары желісін құру мен дамытудың өзекті мәселелеріне арналған арнайы отырыс өтті.

Биылғы жылы Президент Жолдауында шұғыл шаралар қабылдау есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету міндетін қойды. Мұнда жүйелі шешімдер қажет, олардың бірі көтерме-тарату орталықтары желісінің инфрақұрылымы. Мұндай орталықтарды құру мынадай проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:

1) Тікелей тауар шығындарын азайту

Сақтаудың және бөлудің оңтайлы температуралық режимі көмегімен тікелей тауар шығындарын азайтуға жол ашады.

2) Бағаны тұрақтандыру.

Көтерме-тарату орталықтарында шоғырландырылған тауарлар бірыңғай ақпараттық жүйе аясында өндірушіден сатып алушыға тиімді логистиканы құруға мүмкіндік береді.Осылайша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеуге және баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге болады.

3) Сауда инфрақұрылымын дамыту.

Өнімнің ірі партияларын бір жерге шоғырландыру және бөлшек сауда желілерінің дүкендеріне тікелей бөлу бөлшек сауда орындарына тауар қозғалысы кезінде тиімсіз байланыстарсыз сатып алуға мүмкіндік береді.

4. Экспорт арнасын құру.

Стандартталған өнімнің ірі көлемін шоғырландыру және IT-жүйе жеткізілімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді, бұл экспортты ұлғайтуға жағдай жасайды.

#deputatnurotan