Егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасы "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласын өз сайтында жариялады. Мақалада ол егемендікті жариялауға дайындық барысын, тарихи декларацияны қабылдауға кезіндегі пікірталастар мен осы онжылдықтар ішінде қабылдаған шешімдер туралы сөз қозғағады.
Тұңғыш Президент егеменді Қазақстанның жас ұрпағы халқымыздың Тәуелсіздік үшін күрес жолында қандай сынақтар болғанын, қаншама ұлы адамдар осы жолда құрбан болғанын тағы бір еске салды: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Азаматтық соғыс, жойқын ашаршылықтың екі толқыны, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, тың игеру кезіндегі жаппай көші-қон. Бұл жастардың өткен тарихты оқып, одан дұрыс қорытынды шығаруы үшін қажет.
"Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін." - деп Елбасы мақаласын қорытындылады.
#Елбасы #30летнезависимости #Тәуелсіздікмерейтойы #nurotandeputat