Бүгін Мәжіліс депутаттары Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру мәселелері талқыланған кеңес өткізді. Іс-шара барысында өтіп бара жатқан жылы атқарылған жұмыстардың аралық қорытындылары шығарылды.
Партияның сайлауалды бағдарламасы және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі 7 ірі экожүйені құру мен АӨК-де 380 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Осы міндеттерді орындау мақсатында өңірлердің табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, әрбір облыстағы салалық тізбектердің барлық буындарын біріктіретін 7 бағыт (ет, сүт, астық, майлы дақылдарды, жемістерді, көкөністерді қайта өңдеу және қант өндіру) бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Мысалы, биыл Солтүстік Қазақстан облысында "BioOperations" ЖШС компаниясының биоэтанол өндіру желісі құрылысының 2-кезеңі аяқталады. Инвестиция көлемі – 12,6 млрд. теңгені құрады, қуаттылығы – 580 мың тонна астық. Сүт өндіру және қайта өңдеу экожүйесіне "Сүт" АҚ (Павлодар обл.), "Danone Berkut" ЖШС және "МаслоДел" ЖШС (Солтүстік Қазақстан обл.) сияқты ірі кәсіпорындар кіреді. Шамамен инвестиция көлемі-362,4 млрд.теңге, 640 мың тонна сүт өңдеу жоспарлануда, шамамен 6 мың жұмыс орны құрылады. Қант өндірісі бойынша экожүйе Жамбыл және Павлодар облыстарында болады деп көзделуде.
2021-2025 жылдарға арналған АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жалпы сомасы 4,5 трлн.теңге болатын 934 инвестициялық жобаны іске асыруды көздейтін жол карталарын бекітті.Бұл жобалар сүт-тауар фермалары, құс фабрикалары, репродукторлар, бордақылау алаңдары және т. б. сияқты бағыттарды қамтиды. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша қазір 138 млрд. теңге сомасына 162 жоба пайдалануға берілді.Инвестициялық жобаларды қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады