2021 жылдың 21 қазанда ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиын барысында талқылынған негізгі тақырып "Астық туралы" , "Радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтардың құқықтық режимі туралы" және басқа да модельдік заң жобаларын талқылау болды.
Жоба бойынша жұмыстар 2019 жылы басталды, құжат ұлттық парламенттерден келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып пысықталды. Отырыс барысында мен ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ретінде "Астық туралы" модельдік заң жобасын ұсындым. Заңның негізгі міндеттерінің бірі ТМД мемлекеттерінде астықты сақтау мен айналысын реттеу үшін құқықтық база құру болып табылады.
Заң жобасы аясында шаруашылық жүргізуші субъектілерге Астықтың сандық-сапалық есебін қамтамасыз ету және бұл мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйеге ұсыну талабын белгілейді. Астықты сақтаумен айналысатын кәсіпорындардың мемлекеттік тізімін жүргізу астық нарығына тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Осы заң жобасын әзірлеу кезінде ТМД елдері парламенттерінің депутаттары өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында өз түсініктемелері мен ұсыныстарын енгізді . Осы орайда әріптестеріме бірлескен жұмыс үшін алғысымды білдіргім келеді . Біздің ортақ күш-жігеріміз астық нарығын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді деп сенемін.
Заңның қабылдануы серіктестік кеңістігінде астық нарығын дамытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, ТМД елдерінің еркін және регламенттелген мемлекетаралық астық саудасы мәселелерін шешуге ықпал етеді деп күтілуде.