Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Малайзия Сыртқы істер министрінің орынбасары Камарудин Джаффар мырзамен, Малайзияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Саид Бакри мырзамен, Оңтүстік және Орталық Азия департаментінің директоры Мохаммед Мазлан мырзамен кездесу өтті.

Бүгін Малайзия Сыртқы істер министрінің орынбасары Камарудин Джаффар мырзамен, Малайзияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Саид Бакри мырзамен, Оңтүстік және Орталық Азия департаментінің директоры Мохаммед Мазлан мырзамен кездесу өтті.

Биыл Қазақстан мен Малайзия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде әртүрлі салаларда жүздеген бірлескен жобалар жасалды. Қазір әлемдік экономикадағы проблемаларға қарамастан, екі мемлекет экономикалық, гуманитарлық және мәдени салалардағы серіктестікті жалғастыруда.

Бүгін кездесу барысында біз агроөнеркәсіптік кешендегі серіктестік мәселелерін талқыладық. Қазақстанның мақсаты өңірдегі азық-түлік хабына айналу екенін атап өткім келеді. Біздің елдеріміздің АӨК саласындағы серіктестікті дамытудың жақсы мүмкіндіктері бар. Сондықтан бізде қазақстандық өнімнің, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімінің, малайзиялық дүкендер сөрелеріне шығу үшін қажеттінің бәрі бар деп есептеймін. Өз кезегінде, Қазақстан Малайзияның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларына өзара тиімді болатындай серіктес болуға дайын.

#депутатАманат #deputatAmanat