Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Nur Otan" партиясының мүшелері өз ұсыныстарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Скляр Роман Васильевичке өз ұсыныстарын жолдады

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары Р.В. Склярға

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 30 қаңтардағы Жолдауына байланысты, «Қазақстан-2050» стратегиясы, 2017 жылдың
26 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 511 қаулысына сәйкес «Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасы бекітілді. Бағдармала нәтижесінде АӨК саласындағы бәсекеге қабілеттілік артуы тиіс.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы аясында тек осы жылдың 7 айында АӨК өнімдері экспортының көлемі 16% - ға артып, 2 млрд АҚШ долларын құрады. Дәнді дақылдар бойынша өсім 30,7% - ға байқалады. 7 айдың қорытындысы бойынша экспорттың оң серпініне қарамастан, жыл қорытындысы бойынша № 271 тармақтың көрсеткішінің орындалмау тәуекелі бар.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының АӨК саласы, атап айтқанда экспорт тұрғысынан ұн тарту өндірісі айтарлықтай құлдырауда. Соңғы жылдары бұл сала сыртқы және ішкі факторлар әсерінен объективті бағыттар бойынша тоқырауда.

2016 – 2018 жылдары ұн өндіру орташа есеппен алғанда жылына 3,9 млн.тоннаны құрады. 2019 жылы өндіріс көлемінің 3.800 мың тоннадан 3,290 мың тоннаға дейін төмендеуі байқалды. Бұл Қазақстан Республикасының тең қолжетімділік шарттарына сәйкес Орта Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан) мен Ауғанстанға дайын өніммен қатар, қайта өңдеуге арналған шикізат экспотралық нарыққа шығаруында.

Сондай-ақ, қазіргі таңда негізгі импортттаушы Ауғанстандағы тұрақсыз саяси ахуал кері әсерін тигізуі мүмкін.

Нәтижесінде, біздің ұнды импорттайтын барлық елдер бидай сатып алуға көшуге және меншікті астықты қайта өңдеуді дамытуға тырысады, бұл 2021 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 270-ке жуық Қазақстанның диірмен кәсіпорындарына нашар әсер етеді.

Сонымен, Тәжікстанға ұн экспортының көлемі 2007 жылы 460 мың тонна болса, 2020 жылы 96 мың тонна болды. Эксопорттың 4 есе төмендеуімен қатар, Қазақстаннан бидай астығы импортының бір мезгілде 2018 мың тоннадан (2008 жыл) 1,020 мың тоннаға дейін (2020 жыл) 5 есе өсуі байқалды.

Қазақстаннан Өзбекстанға ұн экспорты 2012 жылы 342 мың тонна болса, 2020 жылы 1.243 мың тонна көрсетті. Ал, бидай астығын экспорттау 658 мың тоннадан 2.941 мың тоннаға дейін – 4,5 есе өсті.

Көрсетілген тәуекелдерді ескере отырып, АӨК өнімдері экспортының көлемі 3,5 млрд АҚШ доллары деңгейінде болжануда, бұл ретте өткен жылы жоспарланған 30% орнына 5 % деңгейінде өсу деңгейі болжануда.

Қазақстаннан бидай астығы импортының дамуы Өзбекстанға өзінің экспорттық әлеуетін дамытуға жол ашты. 2020 жылы Өзбекстан Ауғанстанға 721 мың тонна көлемінде ұн экспорттады. Тиісінше, Қазақстанның ұн өндірушілері 1 млн. тонна астық көлемінде нарықтан айырылып, 15-тен аз диірмен кәсіпорындары жұмысын тоқтатты.

Жоғарыда айтылған факттер республика бойынша азық тапшылығына әкелді (8,7 млн.тонна көлемінде), ал бұл өз кезегінде бағаның өсуіне себеп болып, мал шаруашылығының жалпы өнімінің 13% игерілмей, құрғақшылық кезінде мал өліміне әкеліп соқты.

Сондай-ақ, ішкі нарықта ҚҚС қайтару мәселесі бар. 2012 жылдан бастап ҚҚС қайтару кезінде кәсіпорындарды тексеру бірнеше сатылы жүйе бойынша жүзеге асырылады. Тексеру сатысының қай кезенінде ҚҚС бойынша «алшақтықтар» анықталғанымен ҚҚС қайтарылмайды.

Соңғы үш жылдағы деректерді талдау нәтижесі бойынша астық пен ұнды экспорттау кезінде орта есеппен қайтарылады, ҚҚС сомасынан 40% артық емес сомма қайтарылады. Ал, 60%-ы қайтарылмай, экспортқа бағдарланған кәсіпорындар мен жалпы экономикаға әсер етеді.

Біріншіден, қазіргі жағдайды осы күйінде қалса, жақын үш жылда Қазақстан ұнның экспорттық нарығын түбегейлі жоғалтып, көрші елдерде өңдеу үшін шикізат жеткізушіге айналады.

Екіншіден, ұлттық даму жобасында қойылған АӨК таяу жылдарға- ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2 есе ұлғайту міндеті орындалмайды.

Үшіншіден, мұндай жағдай тек ұн тартуда ғана емес. АӨК-нің барлық қайта өңдеу салалары қиындықтарға тап болады. Май жағудағы жағдайсалалар бұл тұжырымды сенімді түрде растайды. Бұл - жүйелік мәселе.

Осыған байланысты «Nur Otan» партиясының мүшелері уәкілетті органға мынадай ұсыныстарды алға тартады:

Бірінші, сауда және интеграция министрлігінің қосымша құн қосылған экспорт өнімдерінің көбейту шараларына өзгерістер енгізу қажет. Қайта өңделген экспортты ынталандыру мысалдары ретінде:

- шикізат (бидай) экспорты кезінде ҚҚС қайтарылмайтын,ал өңделген өнім ұнды экспорттау кезінде ҚҚС толық көлемде жүзеге асырылатын Қытай тәжірибесі.

- Түркия тәжірбиесі. ДСҰ мүшелігіне қарамастан ұн экспортына 35 АҚШ доллары мөлшерінде субсидия бекітілген.

- бидай экспортына баж салығы енгізілген Ресейдің тәжірибесі, бұл оның ішкі бағасының төмендеуіне әкеліп соқты, дамуды ынталандырды.ұн тарту өнімдерінің бағасын тұрақтандырды.

-ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді өз өнімдерін ішкі өңдеуге арналған өнімдер.

Екінші, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің функционалын кеңейту, нарықтар мен қайта өңдеу нарықтарының талдаушыларының бөлімін міндеттерін күшейтіп аграрлық азық-түлік саясаты деп атап,азық-түлік және қайта өңдеу департаментін қалпына келтіру.

Үшінші, 2019 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша дайындалған бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі жол картасынадғы астықты қайта өңдеу саласын дамытудың проблемалық мәселелері мен экспорттық әлеуетті арттыруды қамтитын жобаны іске асыру. Жоба осы уақытқа дейін (екі жылдан астам) мүдделі министрліктер мен уәкілетті органдар тарапынан келісілмеген. Жобаны мақұлдау үдерісін жеделдету.

Төртіншіден, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсарту үшін –ҚҚС қайтару мәселесін шешу. 2021 жылы ҚҚС қайтару схемасын өзгерту қажет. Өтінім беру және оларды қарау фактісі бойынша ҚҚС 50% төлеуқалған ҚҚС бойынша ҚҚС қайтару мүмкіндігін әрі қарай қарастыру мәселені шешпейді.

Бесінші, экспортты ынталандыру және рәсімдерді жеңілдету мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды жылжыту, отандық бойынша шығындары ішінара өтелетін өңделген тауарларды Министрінің бұйрығымен бекітілген

субсидиялауға көшу бөлігінде 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 өтеу қағидаларына өзгерістер енгізу.

Жауапты белгіленген заңнамаға сәйкес беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Nur Otan» партиясы

фракциясының мүшесі Б.М. Сартбаев