Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Бас прокурорына депутаттық сауал

Жарияланды 07.12.2022

Қазақстан Республикасының

Бас прокурор

Б. Н. Асыловқа

Депутаттық сауал

Құрметті Берік Ноғайұлы!

2019 жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықтың бірінші тармағында: «Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын» делінген.

Шағын және орта бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізілгеніне қарамастан, кәсіпкерлердің айтуы бойынша кәсіп жүргізу одан әрі қиындай түсті.

Осындай мәселенің бірі – салық органдарының электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне сотпен немесе басқа органдармен ешқандай келісімсіз, тек тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қол жеткізуге тыйым салуы.

Мұндай жағдайда кәсіпкерлер жұмысын тоқтатуға мәжбүр, өйткені ақпараттық жүйесіз шот-фактура жазу мүмкін емес. Кәсіпкерлік санатын жасанды түрде арттыру фактілері де бар. Шағын немесе орта бизнес қағаз жүзінде үлкен болып шыға келеді де, оған мораторий қолданыла алмайды.

Салық органдары қолданыстағы мораторийді айналып өтіп, қосымша салықтар есептеу үшін кәсіпкерлер арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарды экономикалық соттарға жаппай жіберуде. Талап-арызға тауар жеткізушінің балансында көліктің болмауы да негіз бола алады. Алайда, техникалық тұрғыдан қарасақ, тауар кәсіпкердің жеке көлігімен немесе жеке тасымалдаушылардың көмегі арқылы жеткізілуі мүмкін. Ұзақ мерзімді сот үдерісі кәсіпкерді шығынға батырып, бизнеске теріс әсер етеді. Бұл өз кезегінде экономикалық соттардың жұмысының артуына әкеледі.

Негізінде арнайы соттар фискалды органның емес, жеке немесе заңды тұлғалардың даулары бойынша азаматтық істерді қарауы керек.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты:

1. Салық органдарының электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне (ЭШФ АЖ)қол жеткізуін бұғаттаудың заңдылығын қарау;

2. Кәсіпкерлер арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы ҚР мамандандырылған соттарына жүгінген кезде салық органдарының талаптарының негізділігін тексеруін сұраймыз.

Белгіленген заңнамаға сәйкес жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

ҚР Парламенті Мәжілісінің,

«AMANAT» партиясы

фракциясының депутаттары

Б.М. Сартбаев

Б.Н. Торғаев

А.С. Үйсімбаев

А.Б. Бердалин

Ф.Ә. Қаратаев

Б.С. Оспанов

Н.Ж. Ожаев

М.М. Төлепберген

«Ак жол» партиясы депутаты

А.Р. Әбілдаев

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаты

Ш.А. Осин