Үйсімбаев
Асқарбек
Съезбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақкөл ауданына Мәжіліс депутаты Асқарбек Үйсімбаев келді

Ағымдағы жылдың шілде айының басынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге шықты. Мәжілісмендер жергілікті жерлерде сайлауалды бағдарламалардың орындалуын, өңірлердің өндірістік, ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын, халықтың әлеуметтік мәселелері қалай шешілетінін талдайды. Ол үшін депутаттар өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру нысандарына, шаруа қожалықтарына барады.Әр өңір үшін өзекті мәселелерді талқылайды, облыс орталықтарында ғана емес, шалғай елді мекендерде де азаматтарды қабылдайды.

Жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты А.С.Үйсімбаев "Nur Otan" партиясының аудандық филиалында болып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. жергілікті тұрғындар әр түрлі сұрақтармен келді. Ауыл тұрғыны Азат Ипотеков В.А. депутатпен кездесуге арнайы келіп, ауыл көшелеріне жаңа асфальт төселіп, көшені жарықтандыру мәселесі шешіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол жастармен жұмыс істеу мәселелері туралы айтып, спорт залын салуға көмек көрсетуді сұрады. Радовка ауылының тұрғындары ауыл жолын күрделі жөндеу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Басқа да мәселелер көтерілді.

Азаматтарды қабылдау соңында депутат Иманов көшесінде салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерге барды. Сол жерде А.С. Үйсімбаев жұмыс барысымен танысып, өзінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты, нысан құрылысшыларымен әңгімелесті.

Асқарбек Съезбекұлы "Камила"ЖШС басшылығымен және ұжымымен кездесті. Кездесу барысында мәжілісмен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын, партия Төрағасы – Елбасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысы туралы айтып берді.

Жұмыс сапары аяқталғаннан кейін аудан әкімі А.Қ. Қайыржанов, мәслихат хатшысы Д. Т. Салыбекова кездесу үшін Асқарбек Съезбекұлына алғыс айтып, оған еліміздің жоғары заң шығару органындағы жұмысына табыс тіледі.