Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ю. В. Кучинская, А. С. Үйсімбаев және М. С. Елубаев "Арна ХПП" ЖШС еңбек ұжымымен кездеседі., Бұланды ауданындағы "Бота-2015" ЖШС өсімдік майын өндіру зауытының құрылысымен танысады. Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясы аумақтық филиалының қоғамдық қабылдауында жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізеді, Бұланды аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өткізеді, сондай-ақ Алтынды ауылдық округі әкіміне кандидат М .Е. Байжановты қолдау мақсатындағы кездесуге қатысады.
Кездесу барысында "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасының проблемалық мәселелері мен іске асырылу барысы талқыланады.