Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
23.09.2022

Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс мемлекеттік жастар саясаты мәселелері туралы заң жобасын қарайды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

22.09.2022

Мәжілісте кәсіптік біліктілік туралы заң жобаларының таныстырылымы өтті

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде кәсіптік біліктілік туралы екі заң жобаның таныстырылымы өтті.

21.09.2022

Мәжіліс Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексіне (Салық кодексі) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шағын және орта бизнеске салық салуды, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруді, сондай-ақ бюджетке төленетін төлемдердің жаңа түрлерін және басқа да мәселелерді қамтиды.

21.09.2022

Мәжіліс депутаттары ДДҰ-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Мәжіліс депутаттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клумен кездесіп, өзара іс-әрекеттің өзекті мәселелерін талқылады.

16.09.2022

Парламент Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдады

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтті. Онда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Парламент Палаталарының бірлескен комиссиясын құру мәселелері қаралды.

15.09.2022

Мәжіліс пен Парламентаралық одақ ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісті

Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Парламентаралық одақ төрағасы, Португалия Республикасы Ассамблеясының депутаты Дуарте Пашекумен кездесті. Парламентшілер ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылап, бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде келісімге келді.

14.09.2022

Мәжіліс Төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

14.09.2022

Мәжіліс Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім және өзге де ратификациялық заң жобаларын мақұлдады

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

09.09.2022

Мәжіліс депутаттары ЕАЭО келісімдерін қарайды

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

09.09.2022

Мәжіліс депутаттары «Tomiris» жобасының қатысушыларымен кездесті

«Tomiris» әйелдер көшбасшылығы бағдарламасына қатысушылар Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелерімен кездесті.

08.09.2022

Мәжілісте 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджет және трансферт туралы заң жобаларының таныстырылымы өтті

Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023–2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті.

07.09.2022

Мәжіліс бірқатар конституциялық заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

06.09.2022

Екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Юлия Кучинская Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия басқармалары басшысының орынбасары Пауль АМАНН мырзамен кездесті.

05.09.2022

Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

05.09.2022

Мәжіліс Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударады

Қостанай облысының тұрғындары бұрын-соңды болмаған қайғылы жағдай – өртке тап болды. Өкінішке орай, қайтыс болған адам бар. Жүздеген үйлер мен өндірістік нысандар қирады. Орман қоры мен жануарлар әлеміне үлкен зиян келді.

02.09.2022

Мәжілісте конституциялық реформаны жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларының таныстырылымы өтті

Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен бірқатар жаңа заң жобаларының таныстырылымы өтті.

02.09.2022

Қазақстан-Америка ынтымақтастығы Парламентаралық диалогтың маңызды құрамдас бөлігі

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламентте АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының депутаттары Джеймс Панетт пен Томас Суоцциді қабылдады.