Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
08.12.2023

Мәжіліске Грузия Парламенті Мәдениет комитетінің басшысы келді

Мәжіліске Грузия Парламенті Мәдениет комитетінің төрағасы Элисо Болквадзе келді. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов бастаған депутаттар елдер арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

08.12.2023

Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстанда сүтті мал шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Шығыс Қазақстан облысында сүтті мал шаруашылығын дамытуға арналған екі күндік көшпелі отырыс өткізді. Жиынға комитет төрағасы Серік Егізбаев жетекшілік етті.

06.12.2023

Мәжіліс Катар және Сингапурмен инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімдерді ратификациялады

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар Катар және Сингапур елдерімен инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы үкіметаралық келісімдерді ратификациялады.

05.12.2023

Мәжіліс депутаттары Қауіпсіз еңбек жаңа тұжырымдамасының жобасы мен еңбекті қорғауға қатысты түзетулерді талқылады

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің жетекшілігімен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

05.12.2023

Мәжіліске Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі келді

Мәжіліс депутаттары Ирак Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джабер Наджм Абдулла Әл-Темимимен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады.

04.12.2023

Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерін талқылаумен аяқталды

Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогындағы төрағалығы аяқталды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференцияны қорытындылай келе, форумның 2023 жылғы жемісті жұмысын атап өтті.

01.12.2023

Парламент кітапханасында мажарлық ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы көрме ұйымдастырылды

Бүгін Парламент кітапханасында мажарлық ақын Шандор Петөфидің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған Петөфи» көрмесі өтті. Биыл мажар ақынының туғанына 200 жыл толды.

01.12.2023

Мәжілісте мүгедектігі бар студенттерге экскурсия ұымдастырылды

Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында Мәжіліс депутаттары Серік Егізбаев пен Таңсәуле Серіков Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің инклюзивті студенттерімен кездесті.

01.12.2023

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.