Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Комитеттер отырысы

04.03.2024

Парламент Мәжілісінде "Киберқылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері" тақырыбында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің тақырыптық отырысы өтті. Отырыс жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, заңгерлер қатысты. Отырысты ашқан Имашева Снежанна өткен жылы елде 21 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелгенін, бұл ретте азаматтарға келтірілген залал 21 млрд теңгені құрағанын хабарлады. - Депутаттарға көптеген шағымдар мен өтініштер, соның ішінде қаржылық табысы төмен азаматтардан келіп түседі. Алаяқтар ақша ұрлау үшін әртүрлі амалдарды қолданады, жылдан жылға азаматтар көбірек ақша жоғалтады. Мұндай жағдайларда азаматтардың банктік шоттары мен депозиттері босатылып, оларға миллиондаған кредиттер ресімделіп жатқаны ерекше алаңдаушылық туғызады, – деді комитет басшысы. Ішкі істер Вице-министрі Айдос Рысбаев бүгінде киберқылмыс мәселелері бүкіл әлемде өзекті екенін атап өтті. Ол өз баяндамасында киберқылмыс статистикасына және оған қарсы жасалған шараларға тоқталды. – Соңғы 7 жылда Қазақстанда киберқылмыстардың саны 10 еседен астам өсті: 2017 жылғы 2 мыңнан 2023 жылы 21,5 мыңға дейін. Мұндай қылмыстар өткен жылы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 19%–. және барлық алаяқтықтардың 50% -. құрайды. Биыл 3,6 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді (2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 8,3% өсім). Бұл жалпы қылмыстың 18% және барлық алаяқтықтың 43% құрайды. Қабылданған шаралармен 4 мың интернет-алаяқтық жасауға қатысқан 2 мыңға жуық адам ұсталды және жауапқа тартылды. Жәбірленушілерге 850 млн теңге көлемінде залал өтелді, - деп хабарлады ІІМ басшысының орынбасары. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Унзила Шапак мұндай қылмыстардың алдын алу үшін қолданыстағы Қылмыстық кодекске толыққанды институт, дәлірек айтсақ, Ақпарат және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы бөлім енгізілгенін атап өтті. – Шоттардан ақша ұрлаумен байланысты қылмыстар жасауға ықпал ететін бірқатар алғышарттар бар. Мысалы, несие беру принциптерін реттейтін нормаларды заңнамалық бекітудің немесе олардың орындалуын тиісті бақылаудың болмауы. Абоненттік нөмірлерді тіркеуге және пайдалануға, байланыс операторларына, IP-операторларға реттеушілік әсердің болмауына байланысты проблемалар бар. Сондай – ақ, клиенттердің дербес деректерінің сақталуына, қарастырылып отырған саладағы белгілі бір нормалар мен ережелердің сақталуына ішкі бақылауды күшейту маңызды, - деп атап өтті Унзила Шапак. Талқылау барысында мәжілісмендер уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, киберқылмыспен күреске қатысты ұсыныстар енгізді. Олардың барлығы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесінде бейінді комитет қарайтын ұсынымдарға енгізілетін болады. Талқылауды қорытындылай келе, Имашева Снежанна ішкі істер министрлігінің кибер алаяқтықпен күресу үшін күш-жігері жеткіліксіз екенін атап өтті. – Алаяқтар бір орында тұрмайды және қылмыс жасаудың жаңа әдістерін ойлап табады. Қазіргі уақытта алаяқтардың SIP-телефония қолдану жағдайлары жиілеп кетті, осы жылы осындай 288 қылмыс жасалды. Интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимыл мәселесі ел басшылығының бақылауында. Алаяқтардың әсерінен азаматтар болашақта төлей алмайтын миллиондаған несие алады. Қайтарылмайтын несиелерді рәсімдеу фактілерінің жолын кесуге бірінші кезекте банктер мүдделі. Бұл мәселеге жан – жақты назар аударып, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша тиімді шаралар әзірлеу қажет, - деп қорытындылады Комитет төрағасы.
23.02.2024

2024 жылдың 23 ақпанында Астана қаласындағы аудандық соттардың ғимаратында «Қазақстан Республикасындағы сот реформасы: шешілмеген мәселелер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы өткізілді. Отырыстың модераторы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы С.В. Имашева болды. Отырысқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесуде қатысушылар сот жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. Ағымдағы жылы іске асырылған жанашылдық бастамалар туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы А.А. Мерғалиев атап өтті, яғни «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге және сот жүйесін реформалауға қатысты түзетулер және апелляциялық Соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер енгізілді. Биылғы жылдың шілде айынан бастап қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық саты шешімнің күші жойылған жағдайларда істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, мәні бойынша шешімдер қабылдауға міндетті. Бұл шара әуре-сарсаңды азайтады, азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтарының тез қалпына келуін қамтамасыз етеді, қабылданған шешім үшін екі сатыдағы судьялардың жауапкершілігін күшейтеді, сондай-ақ сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған түзетулер енгізілді. Құқық қорғау органдары тарапынан судьяларға қысым жасау құралдарын болдырмау үшін енді судьяларға қатысты жасырын іс-шаралар Бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде судьялардың өздері сот төрағаларын сайлау элементтерін енгізді. Судьялар қауымдастығының өзі аудандық соттың төрағасы лауазымына кандидаттарды сайлайды. Енді облыстық соттың кеңейтілген пленарлық отырысында жасырын дауыс беру арқылы таңдау кем дегенде екі кандидат арасында баламалы негізде жүргізілетін болады. Сот төрағаларына кандидаттар үшін жасырын дауыс беру әр түрлі теріс қылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Бұл заңнамалық өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ, аталған көшпелі отырыста депутаттар - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Б.Ж. Базарбек пен М.С. Башимов сөз сөйледі. Б.Ж. Базарбек сот төрелігін жүзеге асырудағы өзекті мәселелер мен проблемалық аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды. М.С. Башимов судьялардың конституциялық құқықтарын қорғаудың кейбір мәселелерін қозғады. Ең алдымен, барлық іске асырылатын бастамалардың орталығында адам тұр. Сондықтан жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар сот төрелігін жүзеге асыру сапасын және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге, судьялардың тәуелсіздігін дамытуға және тереңдетуге шоғырланған, бұл нәтижесінде құқықтық мемлекетті нығайтуға және әділ сот шешімдерін қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.
26.09.2023

Парламент Мәжілісінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырған «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері туралы» тақырыптық отырыс өтті. Жиынға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен заңгерлер қатысты. Отырысты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы С.В.Имашева ашты. Алғы сөзінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі тек біздің ғана емес, барлық елдердің проблемасы болып табылады, бірақ бұнымен әр ел өз мүмкіндігінше күресіп келеді және әрқайсысының өз әдістері бар, деді депутат. С.В.Имашева Президент Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы мәселеге бірнеше рет назар аударып, тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту жөнінде бірқатар тапсырмалар бергенін атап өтті. 2019 жылы бірқатар түзетулер қабылданды. Өткен жылдың қыркүйек айында Президент кезекті Жолдауында отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту жөнінде тағы да тапсырма берді. Отырыста отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатайтуға бағытталған соңғы заңнамалық жаңалықтардың тиімділігін талқылау ұсынылды. Талқыланып отырған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары И.В.Лепеха жиналғандарды хабардар ете отырып, ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында осындай 5,3 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, шілде-тамыз айларында олардың саны 16 мыңнан асқанын айтты. Сәйкесінше, қамауға алынған «бұзақылардың» саны екі есе өсті (1 шілдеге дейін – 1392, кейін – 2389). Оның пікірінше, жалпы қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеушілік, ал мемлекет тарапынан жазаның бұлтартпастығы үрдісі қалыптасуда, деді И.В.Лепеха. Қазіргі кезде қабылданған шаралардың нәтижесінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды (10,2%-ға, 668-ден 600-ге дейін), ал кісі өлтіру 6%-ға (83-тен 78-ге) және денсаулыққа ауыр зиян келтіру 19,3%-ға (264-тен 213-ке) азайту үрдісі байқалады. Депутат Н.Г. Дементьева Мемлекет басшысы өз сөйлеген сөздерінде «бұзақылармен» жүйелі әлеуметтік, сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүргізуді бірнеше рет ұсынғанын атап өтті. Депутат отбасылық-тұрмыстық жанжалдың «шешілмеуінің» тағы бір жағы бар: бұл «ұят» деп аталатын ұғым – яғни «қоғамның алдында кір зығыр жууға болмайды!» деген пікір бар, деді. Әйел отбасында жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын айтудан қорқады. Балалар аналарымен бірге ұрып-соғуға, зорлық-зомбылыққа ұшырайды, оған шыдайды, ал еркек агрессорлар еш арсыз және жазасыз мас күйінде әділет орындарынан да, мемлекеттік органдардан да қорықпайды. Соның салдарынан әйелдің күйеуінің қолынан қаза тапқаны немесе балта тартып, күйеуін өзі өлтіргені туралы ақпарат құралдарынан оқып, көріп жүрміз. Сондықтан агрессорларды отбасынан оқшаулау үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажет, олармен психологтар, қажет болған жағдайда, психотерапевтер және әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істеуі қажет, деп атап өтті. Сондай-ақ Н.Г.Дементьева дағдарыс орталықтары мәселесін көтеріп, дағдарыс орталықтарында зорлық-зомбылық құрбандарымен емес, төбелесшілермен жұмыс істеу туралы ұсыныс жасады. Содан кейін тақырыптық пікірталаста сөз сөйлегендер: - «Адам құқықтары ұлттық орталығының» басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары – Тұрсынбекова С.П. - Адвокат, құқық қорғаушы, «AU» құқықтық онлайн мектебінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі – Умарова А.М. - Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі – Шанаи Н.Ы. - Қазақ мемлекеттік заң университетінің Ғылыми сараптама және талдау институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор – Қоғамов М.Ч. - «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат институты» ММ қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы және сот сараптамасы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор – Рахметов С.М. - Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық- құқық пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы – Ахпанов А.Н. - Алматы қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, заңгер-әлеуметтанушы – Әжіғұлова Х.Қ. - «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрайымы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі – Байсақова З.М. - «Komek-Otbasy» дағдарыс орталығының басшысы – Рыль А.И. - «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының жетекшісі – Баймұхаметова Р.С. Отырыс тақырыбы бойынша тақырыптық талқылаудан кейін депутаттар тарапынан сауалдар қойылып, оларға тиісті құрылым өкілдері жауап беріп, жиынға қатысушылар сөз сөйледі. Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалып, жолданады.
23.05.2023

2023 жылғы 23 мамырда QAZPATENT ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің білікті заң көмегін көрсетуі» тақырыбында көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, заң консультанттары палаталары қауымдастықтарының, Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Отырыста қатысушылар заң көмегін көрсету саласын жетілдіру және оны автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастыру мәселелерін талқылады. Кездесуді ашқан ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Мемлекет басшысы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөлігінде заң қызметтерін көрсетуге ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті. Бүгінгі таңда республика бойынша 5 891 адвокат және 13 010 заң кеңесшісі заң көмегін көрсетуде. «2022 жылғы 20 маусымнан бастап «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейтетін өзгерістер енгізілді. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін көмек ала алады», – деді өз сөзінде Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков. Әділет вице-министрінің айтуынша, өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған азаматтар саны артты. Мысалы, 2021 жылы мұндай көмек 122 337 азаматқа, ал 2022 жылы 169 495 азаматқа көрсетілді. Құқықтық кеңес беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған азаматтар саны артты. Егер 2021 жылы азаматтардың жалпы санының 12,6% ғана құқықтық кеңес алса, 2022 жылы құқықтық кеңес беру 32% құрады. Отырыста қатысушылар заң көмегін көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін дамыту, сондай-ақ депутаттардың ұсынымдарында көрсетілетін адвокаттар мен заң консультанттарына сағаттық мөлшерлеме бойынша уақытты ықшамдау жолымен заң көмегін көрсеткені үшін төлемді ұлғайту мәселесі бойынша түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар айтты.
12.05.2023

2023 жылғы 12 мамырда Мәжіліс төрағасының орынбасары Д.М.Еспаева және Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары Конституциялық Соттың судьяларымен және Аппаратының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында конституциялық бақылау органының 4,5 айдағы жұмысы, конституциялық іс жүргізудің тәртібі мен міндеттері таныстырылды. КС судьялары мен депутаттар конституциялық іс жүргізуге қатысу, сарапшылар мен мамандарды тарту, соның шеңберінде отырыстарды БАҚ-та жариялау мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылардың назары 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Венеция комиссиясының (Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссия) тиісті ұсынымына аударылды. Атап айтқанда, конституциялық құқық жөніндегі осы консультативтік орган: “Саяси биліктің іс жүргізуге қатысуы Конституциялық сотқа осы биліктің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қаралып отырған заңға байланысты туындайтын құқықтық қиындықтарды жақсырақ бағалауға және шешуге мүмкіндік беретіні дұрыс деп есептеледі", - деп кеңес береді. Кездесудің қорытындысында мемлекеттік органдардың норма шығару және құқық қолдану практикасы шеңберінде қатысу және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін орындау мәселелері бойынша одан әрі талқылауды жалғастыруға келісті.
27.12.2016

2016 жылғы 27 желтоқсан Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитеттің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Р.В. Скляр заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ, Комитет отырысында «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары О.Б.Сапаров заң жобасы бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Б.М. Жақсалиев баяндама жасады.
20.12.2016

2016 жылғы 20 желтоқсанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасызаңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмағамбетов заң жобалары бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Ж. Жанжүменов заң жобасы бойынша баяндама жасады. Одан басқа, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тұрғымбаев баяндама жасады.
13.12.2016

2016 жылғы 13 желтоқсанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаралды. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімова заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель заң жобасы бойынша баяндама жасады. Одан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер бойынша алқасының судьясы А.А. Қасымов баяндама жасады.
06.12.2016

2016 жылғы 6 желтоқсанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитеттің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель заң жобасы бойынша баяндама жасады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Теңгебаев А.М. баяндама жасады. Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша жұмыс туралы Комитет мүшесі, депутат Е.А. Козлов баяндама жасады. Сонымен қатар, «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша жұмыс туралы Комитет хатшысы, депутат С.Ф. Бычкова баяндама жасады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Заң жобасының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Қайназаров У.А. баяндама жасады.
02.12.2016

2016 жылғы 2 желтоқсанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитеттің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады. Сонымен қатар, «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады.
29.11.2016

2016 жылғы 29 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жақыпов баяндама жасады. Сонымен қатар, «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жақыпов баяндама жасады. Сонымен бірге депутаттар «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары екінші оқылымда қаралды. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ж.Б.Ешмағамбетов заң жобалары бойынша баяндама жасады.
22.11.2016

2016 жылғы 22 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Қаракен Қ.Ә. заң жобасы бойынша баяндама жасады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Мұсайбеков С.Ж. баяндама жасады. Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады. Сонымен қатар, «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады. Сонымен бірге депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын екінші оқылымда қарады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бычкова С.Ф. заң жобасы бойынша баяндама жасады.
15.11.2016

2016 жылғы 15 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Әріпханов А. Ә. заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Комитет отырысында «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жақыпов баяндама жасады.
08.11.2016

2016 жылғы 8 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қарсы барлау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобалары қаралды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Әбдіқазымов Қ.Р. заң жобалары бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жақыпов баяндама жасады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.А.Шайымова баяндады.
01.11.2016

2016 жылғы 1 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі С.Р.Егізбаев заң жобасы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ Комитет отырысында «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады. Одан басқа, 2017 жылғы мамыр айында жоспарланған «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру аясында сот жүйесін жетілдіру мәселелері» деген тақырыптағы Комитеттің Өскемен қаласындағы көшпелі отырысың депутаттар талқылады.
25.10.2016

2016 жылғы 25 қазанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ, депутаттар үстіміздегі жылғы 20-21 қазанда «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» - Ұлт жоспарының 99-қадамын іске асыру мониторингі шеңберінде қоғамдық кеңестер: қызметінің алғашқы нәтижелері, туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары және алға қойылатын міндеттер» тақырыбында Павлодар облысына сапар барысында өткен Комитет отырысының қорытындыларын талқылады.
21.10.2016

2016 жылғы 20-21 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Павлодар облысында көшпелі отырыс өткізді. Бұл отырыстың тақырыбы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 99-қадамын жүзеге асыру мониторингі шеңберінде қоғамдық кеңестер: жұмысының алғашқы нәтижелері, туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары және алға қоятын мақсаттар».

Отырыста келесі мәселелер талқыланды: 1) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданудың талдауы; 2) қоғамдық кеңестер туралы заңнамасында құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын коллизиялар және олқылықтар; 3) қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру ұсыныстары. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктерін жүзеге асыру, қоғамдық маңызы бар сұрақтар бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қоғамдық институттар мен азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Көшпелі отырыс барысында Комитет депутаттары 2016 жылғы 20 қазанда өткен Павлодар және Ақсу қалаларының Қоғамдық кеңестері отырыстарына қатысты. Бұл отырыстарда тұрғындар кондоминиумдердің халыққа қызмет көрсетуі, сондай-ақ кепілдірілген ақысыз медициналық жәрдем көлемінде медициналық қызметтер көрсету мәселелері талқыланды. Одан басқа, 2016 жылғы 20 қазанда депутаттар «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының IV реформасын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация орталықтарының жұмысын талқылады. 2016 жылғы 21 қазанда өткен Комитет отырысында Парламент Мәжілісінің депутаттары, Дін және азаматтық қоғам істері министрлігінің, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының, Павлодар облысы, Павлдар және Ақсу қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ Павлодар облысының қалалары мен аудандарының қоғамдық кеңестерінің өкілдері, Өскемен және Қарағанды қалаларының қоғамдық кеңестерінің өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Өкілдігінің, ЕҚЫҰ-ның, сондай-ақ республиканың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жаңғырту» тақырыптағы Парламенттік тыңдауларға дайындалу шеңберінде Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық пен Қылмыстық-атқару кодекстері қолдануының талдауын жүргізу мақсатында, сапар барысында прокуратура органдары, облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерімен, судьялармен жұмыс кездесулер өткізілді.
18.10.2016

2016 жылғы 18 қазанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі А.А.Әріпханов заң жобасы бойынша баяндама жасады.
11.10.2016

2016 жылғы 11 қазанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В.Цой заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Комитет отырысында «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Р.Е.Дәленов баяндады.
04.10.2016

2016 жылғы 4 қазанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Париж келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Ғ.Қ.Сәдібеков заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ Комитет отырысында «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Р.Е.Дәленов баяндады.
27.09.2016

2016 жылғы 27 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі А.М. Теңгебаев заң жобасы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Заң жобасының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдина баяндады.
20.09.2016

2016 жылғы 20 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы қаралды.заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі М.Ә. Құсайынов баяндама жасады.

«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Т.М. Савельева баяндама жасады. Сондай-ақ Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдина баяндады.
13.09.2016

2016 жылғы 13 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «2017-2019» жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Елдің басты қаржы құжаты бойынша Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Т.М. Савельева баяндама жасады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңдар жобаларының басты ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайынов баяндап берді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Р.В.Скляр баяндама жасады. Сондай-ақ депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ерсми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысаныдағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі А.М. Теңгебаев баяндады.
06.09.2016

2016 жылғы 6 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм және терроизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары М.О. Қалқабаев баяндама жасады. Отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Заң жобасының негізгі ережелері туралы энергетика вице-министрі Ә.М. Мағауов баяндады. Одан басқа, депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Ресупубликасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасың талқылады. Қазақстан Републикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова баяндама жасады.
01.09.2016

2016 жылғы 1 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Отырыста Мемлекет Басшысының VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясының ашылуында белгіленген тапрсырмаларын іске асыру бойынша Комитеттің міндеттері талқыланды. Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Регламентіне түзетулер қаралды.
28.06.2016

2016 жылғы 28 маусымда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі Г.Т. Қойшыбаев баяндама жасады.

Сондай-ақ Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралды. Заң жобасының басты ережелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Т.М. Савельева баяндап берді.

21.06.2016

2016 жылғы 21 маусымда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова толық баяндап берген «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Сондай-ақ, «1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыпова баяндама жасады.

Келесі қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасы болды. Заң жобасының басты ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаев баяндап берді.

Одан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек баяндама жасады.

14.06.2016

2016 жылғы 14 маусымда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобалары қайта қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленов баяндама жасады.

Одан басқа, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, бұл жоба бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин баяндап берді.

Сондай-ақ депутаттар «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын қарады. Заң жобасының басты ережелерін Қазақастан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаев баяндады.

01.06.2016

2016 жылғы 1 маусымда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рау баяндады.

Күн тәртібінің келесі мәселесі «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарау болды. Заң жобаларының басты ережелерін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленов баяндап берді.

01.06.2016

2016 жылғы 1 маусымда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Жеке сот атқарушылық институты және оны «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамы шеңберінде дамыту» Үкімет сағатына дайындалу мәселелері қаралды.
27.05.2016

2016 жылғы 25-27 мамырда жеке сот атқарушылық мәселелері бойынша Үкімет сағатына дайындалу шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізілді. Сапар барысында депутаттар жеке сот орындаушыларының жұмысымен танысты.
24.05.2016

2016 жылғы 24 мамырда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.Келісімнің басты ережелері туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т. Жақыпов баяндады.

Сондай-ақ депутаттармен «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл жоба бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі А.М. Мағауов баяндады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Т.С. Мұхтаров баяндама жасады.

Одан басқа, 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебі депутаттармен тыңдалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленов баяндама жасады. Сондай-ақ 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің есебі тыңдалды, бұл есептің басты ережелері бойынша Есеп комитетінің мүшелері И.Л. Ақпомбаев, С.А. Құлмағамбетов баяндады.

17.05.2016

2016 жылғы 17 мамырда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі А.А. Әріпханов баяндады.

Сондай-ақ, «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цой баяндама жасады.

11.05.2016

2016 жылғы 11 мамырда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі А.М. Теңгебаев баяндады.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасының басты ережелері бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы М.М. Молдабеков баяндады.

03.05.2016

2016 жылғы 3 мамырда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасының басты ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Б. Бекетаев баяндады.

Одан басқа, Мәжіліс депутаттары ұсынған «Жайылымдар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды.Заң жобаларының басты ережелері бойынша депутат Ж.Қ. Дүйсебаев баяндады.

27.04.2016

2016 жылғы 27 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Бұл отырыста І.Ж. Бақтыбаевты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшесі лауызымынан босату және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшесі лауызымына А.Қ. Дауылбаевты тағайындау туралы мәселе қаралды.
25.04.2016

2016 жылғы 25 сәуірде жергілікті полиция қызметі мәселелері бойынша Үкімет сағатына дайындалу шеңберінде Теміртау және Қарағанды қалаларының полиция бөлімшелеріне бара отырып, Қарағанды облысында Комитет көшпелі отырыс өткізді.
19.04.2016

2016 жылғы 19 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес«2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралды. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы А.А. Асавбаев баяндама жасады.

Отырыста сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберінде қабылданған заңдарға депутаттар - Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мүшелерінің мониторингі туралы» мәселе қаралды.

12.04.2016

2016 жылғы 12 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі С.С. Сәрсенов баяндама жасады.

Одан басқа, Парламент Мәжілісінің депутаттары ұсынған «Волонтерлік қызмет туралы» Заң жобасы қаралды. Заң жобасының басты ережелері туралы депутат Г.М. Ықсанова баяндап берді.

05.04.2016

2016 жылғы 5 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

2016 жылғы 5 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды. Заң жобалары бойынша Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары О.А. Смоляков баяндама жасады.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Ә. Құсайынов және Инвестициялар және даму вице-министрі С.С. Сәрсенов тиісті баяндама жасады.

25.03.2016

2016 жылғы 25 наурызда Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Комитет құрамы және Комитет хатшысы бойынша сұрақтар қаралып талқыланды. Отырысты Комитет төрағасы Н.М. Әбдіров жүргізді.
06.11.2012

2012 жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитет отырыс өтті. Отырыста бір қатар заң жобалары қаралды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттіқ қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қ.Р.Әбдіқазымов таныстырды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның жобасының негізгі ойлары туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Ә.М.Бәйменов айтып берді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С.Тыныбеков «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның жобасының тұжырымдамасы туралы толық айтып берді. Депутаттар «Дербес деректер туралы» Заң жобасын және дербес деректер мәселесі бойынша заңдарға түзетулер енгізуді көздейтін ілеспе заң жобасын қарады. Заң жобасы Комитетпен бір ауыздан Парламент Мәжілісімен бірінші оқылымда қарау мақұлданды. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Әділет министрінің орынбасары З.Х.Баймолдина жасаған баяндама аса назармен тыңдалды. Одан ары депутаттар депутаттық сауалдардың жобасын талқылады. Отырыс жұмысына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігінің, ҚР ішкі істер және әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
16.10.2012

2012 жылдың 16 қазаны күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитет отырыс өтті. Отырыста бір қатар заң жобалары қаралды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламент Мәжілісінің депутаты Ш.А.Өтемісов таныстырды. Депутаттар Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заң жобасын және жеке басты куәландыратын құжаттар мәселесі бойынша заңдарға түзетулер енгізуді көздейтін ілеспе заң жобасын қарады. Заң жобасы бойынша жұмыс туралы комитет мүшесі, депутат Р.Қ.Сәрпеков айтып берді. Заң жобасы бір ауыздан Парламент Мәжілісімен екінші оқылымда қарау мақұлданды. Одан ары депутаттар депутаттық сауалдардың жобасын талқылады. Отырыс жұмысына ҚР ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.
02.10.2012

2012 жылдың 2 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитет отырысы өтті. Отырыста бірқатар заң жобалары қаралды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі М.Н.Сарыбековпен таныстырылды. Қызу пікір талас Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Е.Н.Кененбаевпен баяндалған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы тудырды. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша жұмыс жөнінде Комитет мүшесі, депутат Ш.Мырзахметов айтып берді. Заң жобасын Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда қарау бір ауыздан мақұлданды. Одан ары депутаттар депутаттық сауалдарды талқылады. . Отырыстың жұмысына білім және ғылым, ішкі істер, әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
25.09.2012

2012 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитет отырысы өтті. Отырыста бірқатар заң жобалары қаралды. «Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша баяндама Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М.Жаксылықов жасады. Депутаттарға «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобаларының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Д.Е.Ерғожин айтып берді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын Қазақстан Респбуликасы Әділет вице-министрі З.Х.Баймолдина таныстырды. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заң жобасы және заң көмегі мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер туралы Қазақстан Респбуликасы Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдаулетов айтып берді. Одан ары депутаттар депутаттық сауалдарды талқылады. . Отырыстың жұмысына қаржы, экономикалық даму және сауда, әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
18.09.2012

2012 жылдың 18 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитет отырысы болып өтті. Отырыста бір қатар заң жобалары қаралды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндаманы ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Д.Т.Акишев жасады. «Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының негізгі ережелері туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Е.А.Кененбаев айтып берді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б.Нұрымбетов «Отбасылық міндеттемелері бар ер және әйел еңбекшілерге тең қарау және тең мүмкіндіктер беру туралы 156-конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады. ҚР қаржы вице-министрі Л.М.Кармазина баяндама жасаған «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мүдделі пікір алмасуды тудырды. Бюджетті жоспарлау мен орындау процессін жетілдірудің кейбір мәселелеріне қатысты ҚР Бюджет кодексіне түзетулерде қызу талқыланды. Тиісінше заң жобасымен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Д.М.Шаженова баяндама жасады. Одан ары депутатар депутаттық сауалдардың жобаларын талқылады. Отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, экономикалық даму және сауда министрліктерінің өкілдері қатысты.
11.09.2012

2012 жылдың 11 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитет отырысы болып өтті. Отырыста ол бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары С.Н.Громов баяндама жасаған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды. Төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері тиісінше заң жобасын қарау барысында депутатармен көтерілді, ол бойынша Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі З.Х.Баймолдина айтып берді. Сонымен қатар ол «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ұсынылған түзетулер туралы айтып өтті. Одан ары депутатар депутаттық сауалдардың жобаларын талқылады. Отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы қорғаныс және әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
04.09.2012

2012 жылдың 4 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитет отырысы болып өтті. Отырыста халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы бірнеше заң жобалары қаралды. Қазақстан мен Испания арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенциянының негізгі ережелерін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель таныстырды. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е.Дәленов «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасы туралы айтып берді. Өзара қатынастар туралы келісім шеңберіндегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы қарым қатынас туралы Қазақстан Республикасы дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қ.Қ.Лама Шариф толыққанды баяндама жасады. Депутат С.Ф.Бычкованың «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Парламентінің бір топ депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы туралы баяндамасы аса назармен тыңдалды. Сонымен қатар Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс- шаралар жоспарының жобасы талқыланды. Отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, қаржы министрлігінің, дін істері жөніндегі агенттігінің өкілдері қатысты.
20.06.2012

2012 жылдың 19 маусымы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ғимаратында Комитет отырысы өтті. Отырыста халықаралық келісімдерді ратификациялауға қатысты бірқатар заң жобалары қаралды. Депутаттарға Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ сақтандыру нарығын құру туралы хаттаманың негізгі ережелерін ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Д.Т.Акишев баяндады. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М.Жақсылықов баяндады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша кеңінен баяндаманы Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П.Рау жасады. Бұдан әрі қарай депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына Сенат енгізген түзетулерді қарап, ҚР Конституциясының 61-бабының 5 тармағына сәйкес ол түзетулермен келісті. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселесі комитет мүшелерінің ерекше назарын аудартты. Тиісінше заң жобасы Палатаның отырысына бірінші оқылымға шығаруға ұсынылды. Одан әрі қарау депутаттар депутаттық сауалдарды талқылады. Отырыс жұмысына ҚР Конституцялық Кеңестің, Ұлттық банктің, экономикалық даму және сауда, индустрия және жаңа технологиялар, әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
12.06.2012

2012 жылдың 12 маусымы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитет отырысы болып өтті. Отырыста рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша Заң жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда вице-министрі М.А. Құсаинов баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Б.Ш.Таджияқов таныстырды. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашалық агенттігі төрағасының орынбасары Н.П.Тихонюк баяндады. Бұдан әрі қарай депутаттар депутаттық сауалдарды талқылады. Отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің, Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашалық агенттігінің, «Қазақстанның тұрғын үй жинақ құрылыс банкі» АҚ-ның өкілдері қатысты.
05.06.2012

2012 жылдың 5 маусымы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ғимаратында Комитет отырысы өтті. Депутаттар назарына ҚР Парламенті депутатары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылды. Заң жобасының негізгі ережелері туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж.С.Төрегелдинов баяндады. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Г.Бектуров «Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қатысты баяндама жасады. Осы отырыста депутаттар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және осыған сәйкес заңнамалық актілерге түзетулерді қарады. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары К.С.Тыныбековтың, Әділет министрінің орынбасары Д.Р.Құсдаулетовтың және Бас Прокурорының орынбасары А.Н.Кравченконың қатысуымен өткен отырыс қорытыдсы бойынша Комитет мүшелері бір ауыздан заң жобасын бірінші оқылымда қарауға Мәжілісітің жалпы отырысына шығаруға болады деп шешті. Бұдан әрі депутаттар депутаттық сауалдарды талқылады. Отырыс жұмысында Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, Көлік және коммуникация, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сыртқы істер, әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
23.05.2012

2012 жылғы 23 мамыр күні «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаларын қарау шеңберінде ҚР Ішкі істер министрлігінің жанындағы «Ақпараттық өндірістік орталығы» РМК-да және Астана қаласының Сарыарқа ауданының ХҚКО-да жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті. Көшпелі отырыстың барысында жұмыс тобының мүшелері, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары жеке басты куәландыратын құжаттарды жасау барысымен танысты.
15.05.2012

2012 жылғы 15 мамырында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ғимаратында Комитет отырысы өтті. Депутаттар назарына халықаралық келісімдерді ратификациялау жөніндегі Қазақстанның бекіткен заң жобалары ұсынылды. Біріншісі, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді ретту мен әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен байланысты Келісім. Осы заң жобасы жайлы Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Шолпанкулов Б.Ш баяндама жасады. Осыдан кейін депутаттар «Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Жобасы жайлы баяндаған Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі К.Б Абсаттаровты тыңдады. Содан кейін депутаттар депутаттық сауалдар жобаларын талқылады. Отырыс жұмысында Қазақстан Республикасының қаржы, көлік және коммуникация министрліктер өкілдері қатысқан болатын.
08.05.2012

2012 жылдың 8 мамырында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы болды. Депутаттар назарына денсаулық сақтау мәселесіне қатысты түзетулер және тоқымамен екі жақты саудаға Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды. Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін жасау мәселелері туралы заң жобасының негізгі ережелері бойынша Әділет министрінің орынбасары З.Х.Баймолдина баяндама жасады. «Дербес деректер туралы» заң жобасы және тиісінше заңдарға түзетулер ерекше назармен талқыланды. Заң жобасымен дербес деректер түсінігі енгізіліп, дербес деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылуда. Отырстың жұмысына Әділет министрінің орынбасары З.Х.Баймолдина, Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С.Тыныбеков, Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Т.М.Жақсылықов, министрліктер мен ведомствалардың өкілдері қатысты.
03.04.2012

Комитет отырысы

2012 жылдың 3 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында күн тәртібінде 6 мәселені қамтыған Комитет отырысы болып өтті. Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының тұжырымдамалық негізін талқылады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қарауға болады деп шешті. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобалары және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша ілеспе заңының жобасы қаралды. Күн тәртібінің соңғы сұрағы Комитетің қызметіне қатысты әр-түрлі мәселелерге арналды. Отырысқа Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель, Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О.Қырықбаев, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.К.Ғалымова, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас Прокуратураның және Әділет министрлігінің өкілдері шақырылды.