Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Дөңгелек стол

07.11.2023

2023 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде депутат Т.М. Савельеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі жобасының негізгі ережелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т.М. Жақсылықов баяндама жасап, Кодекстің негізгі ережелеріне, Бюджет кодексінің жекелеген нормаларын енгізу кезеңдеріне тоқталды. Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министрі Д.О. Темірбеков жаңа Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес есеп пен есептілікті жетілдіру туралы баяндама жасады. Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Энгель Ю.Ф. аудитке байланысты көзқарастардағы өзгерістер туралы баяндама жасады. Ұсынылған өзгерістер бюджеттік процеске қатысушылардың есептілігін қамтамасыз ете отырып, нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді және нәтижелерді басқарудың жаңа құралдарын күшейту есебінен бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыра отырып, салық-бюджет саясатының берік іргетасын қалауға байланысты негізгі міндеттерді шешуге бағытталған.
01.06.2023

Дөңгелек үстeл

2023 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде М.Т. Такиевтің төрағалығымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру барысы туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, екінші деңгейлі банктердің, Республикалық нотариаттық палатасының, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының, сондай-ақ басқа да бірқатар қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Біржанов Ержан Ерікұлы сөйлеп, өз сөзінде банкроттықтың соттан тыс және сот тәртібімен рәсімдерін қолдануға жүгінген азаматтар туралы статистикалық мәліметтерді жария етті. Ол шешуді қажет ететін бірқатар түйткілді мәселелердің қатарын анықтап, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Әбдірахманов Нұрлан Алмасұлы баяндама жасады. Атап өтілгендей, қаралып жатқан заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап оны іске асыру шеңберінде қаржы ұйымдарының өз функцияларын орындауын бақылау бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл қамтамасыз етілген. Мониторинг барысында бірқатар проблемалық мәселелер анықталды, олардың бірқатары бойынша жедел шешімдер қабылданды, ал кейбіреулері бойынша оларды заңнамалық реттеу талап етілуі мүмкін. Сондай-ақ, уәкілетті органның қарыз алушыларға проблемалық несиелерді сотқа дейін реттеу шарттарын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды. Сондай-ақ баяндамамен «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрайымы Бахмутова Елена Леонидовна сөз сөйледі. Ол Қазақстан азаматтарының мүддесі үшін қабылданған заңды сәтті жүзеге асыру үшін соттан тыс және сот тәртібімен банкроттық рәсімдерін жүргізуге келіп түсетін өтініштерді кезеңді түрде талдау қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ талдау нәтижелері бойынша бірқатар статистикалық деректер және заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар келтірілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Жалпы, жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты өзекті мәселелерді бірлесе талқылау және сапалы диалог жүргізіліп, мемлекеттік органдар өкілдерінің жауаптары тыңдалды, жеке тұлғалардың банкроттығы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар айтылды.
11.05.2023

2023 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінде М.Т. Такиевтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің 2022 жылғы қызметінің қорытындылары туралы» тақырыбында «дөңгелек үстелі» өтті.

Отырыста «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Б. Шарлапаев, сондай-ақ оның еншілес ұйымдарының бірінші басшылары: «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-дан – Н.С. Байбазаров, «Отбасы банкі» АҚ-дан – Л.Е. Ибрагимова және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-дан А.Б. Әшірбеков сөз сөйледі.
02.12.2022

Дөңгелек үстeл

2022 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде М.Ә.Құсайыновтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Заң жобасының негізгі ережелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Біржанов Е.Е баяндама жасап, заң жобаның негізгі ережелеріне тоқталып өтті. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.А. Абдрахманов Статистикалық деректер бойынша жеке тұлғалардың қаржы ұйымдары алдындағы берешегі туралы баяндама жасады. Мәжілістегі Жұмыс тобының отырыстарының қорытындылары туралы жұмыс тобының жетекшісі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ли.Ю.В. баяндама жасады. Заң жобасында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар шамадан тыс несиелендірумен байланысты әлеуметтік шиеленісті жеңілдетуге және ел экономикасын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін жасауға бағытталған. Борышкердің, кредитордың және қаржы басқармасының құқықтары мен міндеттерін бекітеді. Соттан тыс және сот банкроттығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтініш беру негіздерін, сондай-ақ банкрот азаматтар үшін салдарларды нақты реттейді.
25.11.2021

2021 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде М.Ә.Құсайыновтың төрағалығымен. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Заң жобасының негізгі ережелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева баяндама жасап, заң жобаның негізгі ережелеріне тоқталып өтті. «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі атынан басқарушы директор Ерлан Бурабаев сөз сөйледі. Заң жобасы арқылы ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар қор нарығындағы сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың және инвесторлардың құқықтарын қорғау шараларын күшейтуге, сақтандыру ұйымдарының және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің өнімдер желісін кеңейтуге, сақтандырудың кепілдік берілген сыныптарының тізбесін кеңейтуге, сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының қызметтерін цифрландыруға, қаржы нарығына қатысушыларды реттеуді жетілдіруге, қолданыстағы заңнаманы ең үздік халықаралық практикаларға сәйкес келтіруге бағытталған.
21.05.2021

2021 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында бюджет процесін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сонымен қатар бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында бюджеттік процесті жетілдіру бойынша проблемалық мәселелер қаралды және талқыланды, оның ішінде бюджетаралық қатынастар және жалпы сипаттағы трансферттер, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің жаңа әдістемесі, сондай-ақ тиімділікті арттыру тәсілдерін жетілдіру мәселесі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуден және одан әрі іске асырудан бастап құрылысқа бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау. Баяндама жасағандар: Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Ш. Қарашүкеев, Ұлттық экономика вице-министрі А.К. Амрин.
08.06.2017

2017 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Қаржы және бюджет комитетімен «Салықтық және кедендік әкімшілендіру перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың және «Атамекен» ҰКП өкілдері, Қазақстанның салық төлеушілер, қаржыгерлер, «KAZENERGY» мұрай-газ және энергетика кешені ұйымдарының, тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының, шарап жасаушылар қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, отырысқа Қаржы және салықтық құқық ғылыми-зерттеу институтының, Халықаралық салық және инвестиция орталығының, Қазақстан фермерлер одағының, «Қазақстандық бизнес заңгерлері» РҚБ өкілдері қатысты. Баяндамалармен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р.Е. Дәленов, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қ.Е. Баеділов және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Р.М. Жүрсінов сөз сөйледі.
30.03.2017

2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Дөңгелек үстел отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың және өзге де үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Баяндамалармен депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі О.Н. Оксикбаев, қаржы вице-министрі Т.М. Савельева, ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымова, инвестициялар және даму вице-министрі Р.В. Скляр және үкіметтік емес ұйымдардан «Сандж зерттеу орталығы» ҚҚ президенті Ж.С. Жандосова сөз сөйледі.
03.11.2016

2016 жылы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрайымдық етуімен «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы «Самұрық-Қазына» АҚ ролі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Мәжіліс депутаттары, «Самұрық-Қазына АҚ топ-менеджменті, акционерлік қоғамның қоржындық компанияларының жетекшілері, «Самұрық-Қазына» АҚ сараптамалық-консультативтік кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және т.б. қатысады. Шара барысында «Самұрық-Қазына» АҚ қызметіне қатысты мына мәселелер талқыланды: трансформация бағдарламасының аралық нәтижелері және өндірістік құрылымдарда инновациялық технологияларды енгізудің пайдасы, ел экономикасын тұрақтандырып, жаңартудағы «Самұрық-Қазына» АҚ ролі. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө.Е.Шөкеев, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы С.М.Мыңбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қ.Қ.Алпысбаев, «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Б.Б.Мусин, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Н.С.Сабильянов баяндама жасады.
28.04.2016

Дөңгелек үстeл

Қаржы және бюджет комитеті Г.Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Баяндама жасағандар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары О.А. Смоляков, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының кеңесшісі Н.Л. Котенко Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, Қазақстан микроқаржы қауымдастығы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы, коллекторлық үйымдар өкілдері қатысты.
20.04.2015

Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыру жөніндегі ұсыныстар туралы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді Отырысты қаржы және бюджет Комитетінің төрайымы Г.Ж. Қарақұсова кіріспе сөзімен ашты. Баяндама жасағандар: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің төлем жүйелерін дамыту және басқару департаментінің директоры Р.Н. Мұсаев, Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінің директоры Е.Қ. Нұрланбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Г.Т. Құрбанбаева т.б. Дөңгелек үстелдін шеңберінде қолма-қол ақшасыз айналымдағы бар проблемалар, қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыру шаралары, электрондық банктік қызметті дамыту және басқалары талқыланды.
24.01.2013

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасында бюджеттік саясатты жетілдіру» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Аталған отырысты комитет төрайымы Гүлжан Қарақұсова жүргізді.
01.03.2012

Дөңгелек үстeл

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықына Жолдауында берген тапсырмаларды іске асыру мақсатында «Қазақстанда шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың перспективті формалары» тақырыбы бойынша Дөңгелек стол өтті.Отырысты қаржы және бюджет комитетінің төрайымы ашты. Баяндама жасағандар: - Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ақышев Д.Т., -Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министірлігінің инвестициалық саясат департаменті директоры Құрманов Р.Ж.