Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Дөңгелек стол

25.11.2022

Дөңгелек үстел

2022 жылғы 25 қарашада Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Агломерацияларды дамыту туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын талқылау шеңберінде «Агломерацияларды дамыту туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Отырысты Комитеттің төрағасы Альберт Павлович Рау жүргізді. Дөңгелек үстелде Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы А.Т. Ахмеджанов, Қазақстан қала құрылысшылары одағының төрайымы Л.В. Нысанбаева сөз сөйледі. Отырыста «Агломерацияларды дамыту туралы» Заң жобасы бойынша өзекті мәселелер, сондай-ақ агломерацияларды дамытудың кешенді жоспарларын енгізудің практикалық аспектілері талқыланды. Көтерілген мәселелер бойынша заң жобасын әзірлеуші – мемлекеттік уәкілетті органның негізделген жауаптары айтылды. Отырыс барысында дөңгелек үстелге қатысушылар заң жобасының жекелеген нормалары бойынша, атап айтқанда, агломерацияларды басқарудың жаңа моделін енгізу, жергілікті агломерациялар кеңестерін құру, көлік инфрақұрылымы және әлеуметтік объектілерді дамыту жөніндегі агломерациялардың бірлескен жобаларын іске асыру үшін республикалық маңызы бар қала, астана және іргелес облыс бюджеттері арасындағы деңгейлес трансферттер тетігіне қатысты пікір алмасты. Дөңгелек үстел отырысына ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларының, Ақмола және Алматы облыстарының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.
17.03.2022

Дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының негізгі тауар нарықтарын монополиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Отырысты Комитет төрағасы Рау Альберт Павлович жүргізді. Дөңгелек үстелде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С.М. Жұманғарин негізгі баяндама жасады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша Энергетика вице-министрі А.М. Мағауов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б.С. Камалиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі М.С. Олжабеков, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары О.Т. Қизатов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Е.Л. Устемиров және тәуелсіз сарапшы П.В. Своик сөз сөйледі. Отырыс барысында дөңгелек үстелге қатысушылар мұнай және мұнай өнімдері, тауарлық газ, электр энергиясы, көлік және байланыс, қаржы нарықтары сияқты монополиялық тауар нарықтарына оларды монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту тұрғысынан жүргізілген кешенді талдау қорытындылары бойынша пікір алмасты. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Отырыста бәсекелестікті дамыту жөніндегі неғұрлым өзекті мәселелер және Қазақстан Республикасының негізгі тауар нарықтарын монополиясыздандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Депутаттардың дұрыс тәсілдерді әзірлеуге және монополияға қарсы заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ тауар нарықтарының шоғырлануын төмендетуге, нарыққа жаңа қатысушылардың пайда болуына, баға бәсекелестігін арттыруға және операторларды қысқартуға ықпал ететін негізделген ұсыныстары айтылды. Дөңгелек үстел отырысына депутаттар, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Аdal» саяси партиясы және «Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы» өкілдері, сондай-ақ барлық мүдделі орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, ұлттық даму институттарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қауымдастықтар мен бизнес- қоғамның өкілдері қатысты.
22.02.2022

2022 жылғы 22 ақпанда Қостанай облысының Лисаков қаласында А.П. Раудың төрағалығымен Моноқалаларды дамыту бағдарламасының жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары С.С. Ақышев, А.С. Сапарова, Е.В. Смышляева, сондай-ақ Лисаковск қаласының әкімі А.С. Ибраев, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаментінің директоры Д.К. Жамбайбек, «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Г. Мұсағазин, Рудный, Арқалық және Жітіқара қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Отырысқа қаланың Құрметті азаматтары, қалалық мәслихат депутаттары, қала құраушы кәсіпорындардың басшылары, кәсіпкерлер, қала әкімдігінің мемлекеттік органдарының басшыларыда қатысты. Отырыс барысында Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры Д.К. Жамбайбектің баяндамасы тыңдалды. Ол қазіргі уақытта республикада 1,4 млн. адам саны бар 27 моноқала, 35 қала құраушы кәсіпорын бар екенін атап өтті. Моноқалалар халқының саны соңғы жеті жыл ішінде тұрақты. Депутаттар моноқалаларды дамыту бойынша проблемалық мәселелерді көтерді. А.П. Рау бұл үшінші бағдарлама екенін атап өтті. Моноқалаларды дамытудың екінші бағдарламасы 2012-2020 жылдары қабылданып, іске асырылды. Сонымен қатар даму бағдарламасына сәйкес моноқалалар, ең алдымен, коммуналдық инфрақұрылымның, абаттандыру мен жолдың өзекті проблемаларын шешу үшін республикалық бюджеттен елеулі инвестициялар алды және алуды жалғастыруда.
11.11.2021

Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 11 қарашада Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында «Ауылдық елді мекендерді таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты. «Дөңгелек үстелде» ауылдық елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз етудің ең өзекті мәселелері, оның ішінде сумен жабдықтау объектілерін салу, оларды тиісті жағдайда ұстау, сумен жабдықтау объектілерінің санитариялық-техникалық жай-күйі мәселелері, тариф белгілеу және сумен жабдықтау саласына инвестициялар және т.б. мәселелер талқылауға шығарылды. Негізгі баяндаманы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ.А. Өскенбаев жасады. Сонымен қатар денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шоранов және Ұлттық экономика вице-министрі А.К. Әмрин баяндама жасады. Қостанай, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары өз баяндамаларында өңірлердегі сумен қамтамасыз етудің жай-күйі мәселелеріне тоқталды. «Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданды;
14.10.2021

Жетінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 14 қазанда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын қысқарту және адал бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың, парламенттік емес саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.Осы «дөңгелек үстелде» нарық субъектілерінің үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің шешуші қуатына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге; мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеуге; мемлекеттік тапсырмаларды бөлу үшін негіздердің толық тізбесін, сондай-ақ тапсырыстарды мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне енгізу үшін критерийлерді белгілеуге байланысты неғұрлым өзекті мәселелер талқылауға шығарылды.Отырыс қорытындысы бойынша, «дөңгелек үстелге» қатысушылардың айтылған ұсыныстары адал бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін бәсекелестік туралы заң жобасының нормаларын жетілдіру мақсатында жұмыс тобының отырыстарында қаралды;
17.06.2021

Дөңгелек үстел

Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті бейне-конференц-байланыс форматында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Отырысты Комитеттің төрағасы Альберт Павлович Рау жүргізді. Дөңгелек үстелінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Қ. Ержанов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары А.О. Мамбетаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма мүшесі П.И. Беклемишев, «Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ президенті Қ.С. Ибраев, сондай-ақ сараптамалық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері сөз сөйледі. Отырыста «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңының жобасы бойынша ең өзекті мәселелер, өңдеу өнеркәсібін ынталандырудың жаңа тәсілдері, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынудың шарттары мен өлшемдері талқыланды. Отырыс барысында дөңгелек үстелге қатысушылар заң жобасының жекелеген нормалары бойынша, атап айтқанда, өнеркәсіптің жай-күйі туралы Ұлттық баяндамаға; Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияға; өнеркәсіптің ақпараттық жүйесіне; Өнеркәсіпті дамыту қорына; инвестициялық субсидиялар құралдарына; өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге қатысты пікір алмасты. Отырысқа қатысушылардың негізделген ұсыныстары айтылды, олар жұмыс тобына дұрыс тәсілдерді әзірлеуге және өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасының нормаларын жетілдіруге, сондай-ақ еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға ықпал етуге мүмкіндік береді. Дөңгелек үстел отырысына индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық даму институттарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, өңдеу өнеркәсібі қауымдастықтарының, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
29.03.2019

Дөңгелек үстел

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі төртінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын (91-қадам) іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын дамытудың басым бағыттары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Дөңгелек үстел отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Н.С. Айдапкелов «Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын дамытудың басым бағыттары» атты тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Экономика және талдау департаментінің директоры Сакуов Н.Н. және Ақмола облысы Статистика департаментінің басшысы Мусина Е.Е. сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің отырысына саяси партиялардың өкілдері шақырылған. Сондай-ақ дөңгелек үстелдің жұмысына мүдделі министрліктер мен ведомстволар, қоғамдық және сараптамалық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
24.05.2018

Дөңгелек үстел

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика вице-министрлері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев жасады, сондай-ақ тұрғын үйді квазимемлекеттік сектор арқылы өткізу барысы туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Әнуар Сағынәлиұлы Омарқожаев, өңірлерде тұрғын үйді өткізу барысы туралы Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуы туралы және тұрғын үй құрылысын жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Якупбаева Юлия Константиновна баяндады. Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына саяси партиялардың, салалық қауымдастықтардың, сараптама ұйымдарының, бизнес-қоғамдастық және кәсіпкерлер қауымының өкілдері қатысты.
27.04.2017

Дөңгелек үстел

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы барысы туралы ҚР инвестициялар және даму Вице-министрі Т.С. Тоқтабаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында тарифтерді белгілеу туралы ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі А.Н. Жұмағұлов және тұрғын үй шаруашылығының жағдайын жақсарту шаралары мен оны жаңғырту жөніндегі ұсыныстары жайында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы М.Т. Садуов баяндамалар жасады. Сондай-ақ дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ә.Ж. Құатбеков және Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ә.Ә. Өскенбаев қатысып сөз сөйлейді. Дөңгелек үстелдің отырысына ҚР инвестициялар мен даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, Астана мен Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; «Бірлік» Саяси Партиясы; «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» өкілдері шақырылды.
24.01.2017

Дөңгелек үстел

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері бойынша «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы туралы» (97, 98-қадамдар)» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» Партиясының Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының жетекшісі Гүлмира Истайбекқызы Исимбаева және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божко қатысты. Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Тақырып бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Нышанбайұлы Жұмағұлов және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Берік Шопанқұлұлы Шолпанқұлов баяндама жасады. Дөңгелек үстелдің отырысына министрліктер мен ведомстволардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтерінің жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ саяси партиялардың өкілдері шақырылды. Дөңгелек үстелдің жұмысына қоғамдық бірлестіктерден және сараптама ұйымдарынан Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының, «Аймақ» Қазақстан Республикасында өңірлік дамуға және жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу қорының, Еуропалық құқық және Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары институтының, Ұлттық тұтынушылар лигасының сондай-ақ, Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау қорының өкілдері қатысты.
09.06.2016

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын орындау мақсатында және VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 9 маусымда «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысының барысы мен тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту шаралары» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің отырысын депутат С.Қ. Ахметов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының және Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласы Әкімшілігі, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткізді. Тұрғын үй инфрақұрылымын бекіту бөлігінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 2015 жылғы және 2016 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысы жөнінде және «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салу бойынша баяндамалармен ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Р.В. Скляр және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Л. Е. Ибрагимова сөз сөйледі. Сондай-ақ, дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Б.Ж. Мамыталиев және Астана қаласы Әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошун сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің отырысы барысында қатысушылармен Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді орындау жөніндегі толық ақпаратты ұсынылды, сондай-ақ жалдама тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану және оны уақтылы іске асыру бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымының өзекті мәселелері талқыланды.
21.11.2013

Дөңгелек үстел

Бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау үшін дөнгелек үстел өткізді. Өткізу орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Конференц-залы. Отырысты Комитет Төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов жүргізді. Комитет мүшесі М.К.Пішембаев жұмыс тобының жетекшісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиев, «Технологиялық дамыту ұлттық агенттігі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы А.Ж.Кұлсейітов, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Е.С.Қондыбаев, «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС-ның Бас директоры Б.Қ.Әбдірахманов, «Элтекс Алатау» ЖШС-ның директоры Н.С.Жәнібеков баяндамалар жасады.
23.04.2013

Дөңгелек үстел

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша дөнгелек үстел өткізілді. Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Конференц-залы. Отырысты Комитет Төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов жүргізді. Комитет мүшесі А.Е.Базарбаев жұмыс тобының жетекшісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспару министрлігінің вице-министрі М.Ә Құсайынов баяндама жасады, «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау баскармасы» ММ басқарма бастығының орынбасары С. Т. Улакова, «Батыс транзит» АҚ-ның Басқарма Төрағасы А.К. Ысқақов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.М. Ахметжанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы В.Г. Ғалиев, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің мамандары А. Намазбаев, Б. Файзиев, А. Кенжебаева, В.Зенов, «Атамекен «Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының басқару директоры Ю.К. Якупбаева, Қазақстан Республикасының сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары қауымдастығының Президенті В.В. Сюндюков сөз сөйледі.
04.03.2013

Дөңгелек үстел

Бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау үшін дөнгелек үстел өткізілді. Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Конференц-залы. Отырысты Комитет Төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов жүргізді. Комитет мүшесі Н.Н.Логутов жұмыс тобының жетекшісі болып табылады. Көлік және коммуникациялар министрлігінің Жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбек, «Эйр Астана» АҚ ұшуларды ұйымдастыру жөніндегі вице-президенті М.З.Әлжанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Қ.Қ.Алпысбаев, «Теңіз индустриясы кеме иелері және кәсіпкерлері қауымдастығы» ЗТБ президенті Р.К.Адамова, «Қазақстан шағын авиация қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті У.Ж.Кеңесбаев, «Қазақстан Республикасы автобуспен тасымалдаушылар және автовокзалдар одағы» ЗТБ президенті В.П.Когай және басқалар баяндамалар жасады.
18.02.2013

Дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұсынымен Өңірлерді дамытудың заңнамалық қамтамасыз етілуін жетілдіру мәселелері бойынша Мемлекеттік басқару академиясының біліктілігін көтеру жөніндегі семинар тыңдаушыларының қатысуымен Дөңгелек үстел өткізді. Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Әйімбетов Сейітсұлтан Сүлейменұлы құттықтау сөзбен бастап, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде, Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауларында өңірлердің дамуына баса назар аударып, өңір қызметінің белсенділігін одан әрі арттыру мақсатында өңірлерді дамытудың маңыздылығын сақтай отырып, оған қосымша серпін беру қажеттілігі туралы айтқанын атап өтті. Айгүл Сағадибекқызы Соловьева Қазақстан Республикасында жергілікті басқаруды дамытудың тұжырымдамасы туралы баяндама жасады. Қазақстан Республикасында моноқалаларды дамытудың негізгі бағыттары туралы Серікжан Зиадаұлы Қанаев баяндап берді. Бұдан басқа мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізудің және олардың қолданылу салаларын кеңейтудің тұжырымдамасы, Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда машина жасауды дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасында көлік қызметін көрсету ісінің заңнамалық қамтамасыз етілуі жөнінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері Асқар Ермырзаұлы Базарбаев, Мейрам Құдайбергенұлы Пішембаев және Николай Николаевич Логутов сөз сөйледі. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары индустриализация, инновациялық даму салаларының заңнамалық қамтамасыз етілуі және жалпы экономикалық, бюджеттік және әлеуметтік топтамалардың заңнамалары бойынша сұрақтар қойды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік саясат» кафедрасының доценті Гүлмира Ислямқызы Досмағамбетова кездесуді қорытындылай келіп, осы отырыстың нәтижесінде өңірлерді дамытудың заңнамалық қамтамасыз етілуін бүгінгі болмысқа сай жетілдіруде тығыз әрі сындарлы жұмыс атқарылатынын атап өтті.
09.10.2012

Дөңгелек үстел

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау үшін дөнгелек үстел өткізілді. Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Конференц-залы. Отырысты Комитет Төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов жүргізді. Комитет Хатшысы М.А.Қазбекова жұмыс тобының жетекшісі болып табылады. Еуразия экономикалық комиссиясының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Министрі - Алқа мүшесі Н.Ш.Алдабергенов, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі А.М. Ескендіров, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Ә.Б.Мәтішев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетел ел инвесторлары Алқасының заңнама сұрақтары бойынша Жұмыс тобының өкілі А.О.Меңдібаев және басқалар баяндамалар жасады.
10.02.2012

Дөңгелек үстел

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы. Өткізілу орны: «Эталон орталығы» ғимараты. Комитет Төрағасы С.С. Әйімбетов құттықтау сөз сөйледі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Төлеушин және Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Р.А.Сәтбаев баяндамалар жасады.