Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық форумдарға қатысты
Нұр-Сұлтан, 18 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық форумдарға қатысып, елдер арасындағы парламентаралық ынтымақтастық топтардың жетекшілерімен кездесті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева бейнеконференция арқылы «Орталық Азия мен Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбына арналған Ташкент қаласында өткен халықаралық форумға қатысты. Отырыста сөз сөйлеген вице-спикер Қазақстан өңірлік және жаһандық деңгейлерде әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерінде елеулі күш-жігер жұмсағанына тоқталып, Қазақстанның ауған жастарын қолдау бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Павел Казанцев пен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының депутаты Светлана Любецкая бейнеконференция форматында кездесіп, Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін қазақстандық және Беларусь парламентшілерінің өзара іс-қимылына назар аударды. Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылы ішінде жоғары деңгейде сенімді саяси диалог пен терең экономикалық байланыстар орнағанын, екі ел арасында жан-жақты өзара іс-қимыл тиімді дамып келе жатқанын, сондай-ақ қажетті нормативтік-құқықтық база құрылғанын атап өтті. Айта кету керек, осы жылдар ішінде 100-ден астам екіжақты құжатқа қол қойылған. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Біріккен Араб Әмірліктері, Польша және Түркия парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар аясында онлайн-форматта осындай кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Парламентте Сербияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Владан Матичпен кездесті. Онда экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық және парламентаралық диалогты дамыту мәселелері талқыланды.Мәжілісте Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы парламентаралық байланыс мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, 14 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисі төрағасының орынбасары Адиль Алиевпен бейнебайланыс арқылы кездесті. Кездесуде вице-спикер Әзірбайжан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, осы жылдар ішінде елдер арасындағы ынтымақтастық артып, терең экономикалық байланыстар орнағанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдер арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға күш салғанына тоқталып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжанмен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін алға тартты. Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары Кавказ өңіріндегі негізгі әріптес – Әзірбайжанмен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға аса мән беретініне назар аударып, Қазақстанда сайлау процесін демократияландыруды дамыту, саяси жүйенің институционалдық дамуын арттыру және адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған бірқатар саяси реформалардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Өз кезегінде, Адиль Алиев елдер арасындағы парламентаралық байланыстың жоғары деңгейі мен елдер арасында орнаған терең байланыстар туралы әңгімеледі. Жалпы айтқанда, бүгінгі таңда елдер арасында екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымын қамтитын 120-дан астам мемлекетаралық және үкіметаралық құжаттарға қол қойылған. Іс-шара соңында тараптар осындай кездесулер Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға парламентаралық байланысты нығайтуға жаңа серпін беретінін атап өтті. Айта кету керек, қазақстандық тараптан кездесуге Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Айқын Қоңыров, Ғалымжан Елеуов, Мәди Елюбаев, Айгүл Жұмабаева, Әбілфас Хамедов, сондай-ақ Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов қатысты.Мәжілістің Халықаралық күн тәртібі
Нұр-Сұлтан, 11 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары бірқатар елдер мен халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен Қазақстандағы миссиясының аяқталуына байланысты кездесті. Депутат дипломатқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Петер Бурианның Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Өз кезегінде Еуропалық Одақтың арнайы өкілі халықаралық ұйымның елімізбен берік және сенімді байланыстың одан әрі дамитынына сенім білдірді. Өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жайында әңгімелесу барысында тараптар парламенттік құрамдас бөліктің маңызды рөлін атап өтті. Кездесуге Мәжіліс депутаттары Елдос Абақанов, Юлия Кучинская және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы Свен-Олов Карлссон қатысты. Сонымен қатар, бүгін Айгүл Құспан Камбоджа Корольдігінің Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Меас Ким Хенгпен кездесті. Мәртебелі мейманмен әңгіме барысында Қазақстан-Камбоджа ынтымақтастығын дамыту келешегі туралы талқыланып, екі елдің парламентшілері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова бейнеконференция байланысы форматында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғылым және білім жөніндегі Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы сарапшылық кеңестің отырысына қатысты. Отырыс барысында сөз сөйлеген Жәмила Нұрманбетова проблемалар және оларды шешудің ықтимал жолдары туралы ақпаратпен алмасу үшін қатысушы елдердің заң жобалау бастамаларына қатысты мәселелерді кеңестің алдағы отырыстарының күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Мәжілісменнің пікірінше, мұндай жұмыстың форматы ТМД ПАА ұсынымдары мен модельдік заңдарын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін негіз болады. Мәжілісте Палата әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Айдос Сарым Қазақстандағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Елшілігінің өкілі Рио Ашрафимен кездесті. Депутат мейманды Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер, депутаттардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы және Парламент пен Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі туралы қысқаша хабардар етті.Мәжіліс депутаттары мен ауған парламентарийлері екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Нұр-Сұлтан, 10 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Қазақстан мен Ауғанстан парламентшілері әйелдерді экономикалық және қоғамдық-саяси өмірге тарту мәселелерін талқылады. Халықаралық онлайн-кездесу ауған тарапының бастамасы бойынша өтті. Кездесуге Қазақстандық тараптан Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Жәмиля Нұрманбетова және Лаззат Рамазанова, Екатерина Смышляева және Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Талғат Қалиев қатысса, ауғастандық тараптан Ауғанстан Ислам Республикасының Әйелдер істері министрінің м. а. Хасина Сафи, Ауғанстандағы Адам құқықтары және азаматтық қоғамдастық істері жөніндегі Волеси Джирга комиссиясының төрағасы Нахид Фарид және басқа да депутаттар қатысты. Іс-шарада Айгүл Құспан екі кіжақты саяси диалог, парламентаралық қатынастар, сондай-ақ, Ауғанстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы сөз сөйлеп, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда өтіп жатқан реформалар, оның ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру, сондай-ақ осы мақсатта қазақстандық заңнаманы жетілдіру туралы айтты. Отырыс барысында Қазақстандағы саяси реформалар, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат туралы баяндалды. Сонымен қатар, Орталық Азия мен Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы мәселе көтеріліп, екі жақты сындарлы пікірлерімен бөлісті. Өз кезегінде Ауған парламентшілері Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдерді еліміздің экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне кеңінен тарту саласындағы шараларына жоғары баға берді.Мәжіліс депутаттары «Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы» атты симпозиумға қатысты
Нұр-Сұлтан, 9 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Сауытбек Абдрахманов, Әмірхан Рахымжанов және Айдос Сарым «Түркі әлемінің өткені, бүгіні мен болашағы» атты Әзірбайжанның Баку қаласында өткен симпозиумға қатысты. Бейнеконференция форматында Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісі, Әзірбайжандағы Ататүрік орталығы және Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада Әзірбайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның және Түркияның депутаттары мен ғалымдары панельдік сессияларға қатысып, сөз сөйледі. Жиында тараптар Түркітілдес елдердің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуы және парламенттердің рөлі туралы талқылап, өзара пікір алмасты.Нұрлан Нығматулин Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Маммадовты қабылдады
Нұр-Сұлтан, 7 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадовты қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әріптестікке қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, Палата Спикері Елшіге екі ел қарым-қатынасын, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Палата Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдер арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға күш салып, Әзербайжанмен өзара байланыстың ерекше маңыздылығына назар аударатынын айтты. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Қазақстанмен стратегиялық серіктес ел ғана емес, бауырлас мемлекет екенін, бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакумен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін алға тартты. Біздің елдеріміз басшыларының келісімдері нәтижесінде көптеген бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Бұл Қазақстан мен Әзірбайжан ғана емес, аймақтағы басқа елдердің де дамуына жаңа серпін берді, - деді Мәжіліс Төрағасы. Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанмен барлық салада әріптестік орнатып, парламентаралық өзара іс-қимылды жандандырып, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастың берік негізі қаланғанына тоқталды. Нұрлан Нығматулин мен Рашад Маммадов парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Нұрлан Нығматулин Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті
Нұр-Сұлтан, 4 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Нұрлан Нығматулин Армения Президентінің елімізге екі мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мемлекеттік сапарының маңыздылығы туралы айтты. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Армения Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру үшін саяси диалогты және Қазақстан-Армения арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, қазақстандық парламентшілер бұл үшін қажетті заңнамалық көмек көрсетеді. Өз кезегінде, Армения Президенті еліміздің жаһандық үдерістердегі рөлін атап өтіп, Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді атады. Армен Саркисян атап өткендей, Қазақстан – Еуразиялық идеяның негізін қалаушы және Орталық Азиядағы ғана емес, Еуразиялық кеңістіктегі саяси орталыққа айналған мемлекет. Қазақстан – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған, ал бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі түрде жалғастырып келе жатқан Орталық Азияда ғана емес, жалпы өңірде болып жатқан барлық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылатын ел, - деді Армен Саркисян. Қазақстан-Армян ынтымақтастығы туралы айта келе, Армения Президенті Қазақстанды ҰҚШҰ, ЕАЭО және басқа да халықаралық ұйымдардағы жақын серіктес ел деп атады. Бұл ретте, Армен Саркисян одан әрі өзара іс-қимыл үшін, оның ішінде парламентаралық байланыстың маңыздылығын да атап өтті. Нұрлан Нығматулин саяси жүйені реформалау, азаматтық қоғамды дамыту және Мемлекет Басшысының бастамасы бойынша отандық заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтты. Оның ішінде, саяси партиялардың Парламентке өту шегін төмендету, сайлау бюллетеньдеріне "Барлығына қарсы" бағанын енгізу бекітілген "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңға енгізілген өзгерістер. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Армениямен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуға зор мән беретінін және Оңтүстік Кавказ өңіріндегі сенімді серіктес мемлекет екенін атап өтіп, армяндық әріптестерімен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеялары және басқа да бірлестіктер алаңында тығыз өзара іс-қимыл орныққанына назар аударды. Нұрлан Нығматулин заң шығару жұмысында тәжірибе алмасу және Қазақстан мен Армения арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында армян парламентшілерімен Палата комитеттері мен ынтымақтастық топтары деңгейінде байланыстарды жандандыруға ниетті екенін айтты.Мәжіліс депутаттары Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Бас конференциясына қатысты
Нұр-Сұлтан, 2 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Дархан Мыңбай, Жамбыл Ахметбеков және Сырым Ертаев Исламабадта (Пәкістан) өткен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының 2-ші Бас конференциясына қатысты. Халықаралық форум жұмысына Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстаннан Парламент өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Дархан Мыңбай өңірдегі орнықты даму мақсаттарын іске асыруға COVID-19-дың әсері туралы сөз сөйледі. Депутаттың айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қомақты үлес қосып, халықаралық дауларды шешу үшін өз алаңын ұсынады, сондай-ақ, барлық елдермен, оның ішінде экономикалық, мәдени және гуманитарлық салаларда белсенді достық қарым-қатынаста. Әлемдік экономика құлдырап бара жатқан пандемия жағдайында тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселесі еліміз үшін де маңызды екенін атап өткен Дархан Мыңбай бұрынғы қарқынды қалпына келтіру елдерден жылдам әрі жақсы үйлестірілген қадамдарды талап етеді деген пікір айтты. Жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі тәсілдерді жетілдіру қажет. Сонымен бірге, экономиканың өсуі елдің ресурстық және экологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс, - деді депутат. Осы ретте Д. Мыңбай халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын да атап өтті.Нұрлан Нығматулин Жапония Парламентінің Спикері Тадамори Ошимамен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, 31 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Ошимамен Қазақстан мен Жапония арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты нығайту туралы келіссөз жүргізді. Бейнеконференция байланысы арқылы өткен кездесуде Мәжіліс Төрағасы Жапония Қазақстанның Азиядағы маңызды стратегиялық серіктес ел екенін, қос мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнап, ынтымақтастықтың берік іргетасы қаланғанын, оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапониямен көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін айтқан Нұрлан Нығматулин елдің саяси жүйесін жаңғырту, отандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы, Президенттің саяси реформаларындағы негізгі болып табылатын митинг және сайлау туралы заңдар жайында әңгімеледі. Атап айтқанда, Палата Спикері 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерде заңнамада көзделген 30 пайыздық квотаны, Мәжіліс сайлауында саяси партиялар үшін өту шегін төмендету, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «Барлығына қарсы» бағанын енгізу сияқты заңнамадағы жаңалықтарды атап өтті. Кездесу барасында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланысты жандандыруды қолдады. Өз кезегінде, Тадамори Ошима Жапония Қазақстанмен ынтымақтастыққа зор мән беретінін және стратегиялық серіктес мемлекет екенін, екі ел арасындағы сындарды байланыс одан әрі нығая түсететіне сенім білдірді. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құруға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Тадамори Ошима парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Нұрлан Нығматулин Бельгия Парламентінің Спикері Элиан Тильёмен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, 27 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бельгия Корольдігінің Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Элиан Тильёмен бейнеконференция форматында кездесу өткізді. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланысты арттыру жайында пікір алмасты. Нұрлан Нығматулин Бельгия Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі екеніне назар аудара отырып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейіне жетудегі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін атап өтті. Сонымен қатар, кездесудегі негізгі тақырыптардың бірі – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселелері туралы болды. Отырыста Нұрлан Нығматулин мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты кеңейту, сондай-ақ Президенттің саяси реформаларындағы негізгі - митинг және сайлау туралы заңдар жайында айтты. Тараптар Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланысты жандандыруды қолдады. Өз кезегінде Элиан Тильё Қазақстанды өзінің даму жолын ұсынған мемлекет екенін, бүгінгі таңда қарқынды түрде дамып келе жатқанын алға тартты. Сонымен қатар, қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтіп, қалыптасқан саяси-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мен Элиан Тильё заңнамалық тәжірибе алмасу, ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтар мен комитеттердің өзара іс-қимылы екі елдің жан-жақты әріптестігін ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.Мәжіліс депутаттары Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумы Бас Ассамблеясының отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, 24 мамыр, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Балайм Кесебаева бейнеконференция форматында Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумы Бас Ассамблеясының 13-отырысына қатысты. Бас Ассамблеяның ашылуында Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия форумының төрағасы Кейзо Такеми, Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі UNFPA директоры Бьорна Андерсон, Халық қоныстануы мәселелері жөніндегі Жапония парламентшілері федерациясының төрағасы Йоко Камикава, сондай-ақ Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балайм Кесебаева сөз сөйледі. Өз кезегінде, қазақстандық тараптан вице-спикер Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумына мүше елдермен Қазақстан көпжақты қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін атап өтіп, парламенттік өлшем халықаралық ынтымақтастық тәжірибесінде маңызды құрал екенін және елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға белсенді ықпал ететініне назар аударды. Сонымен қатар, депутаттар бұл өзара іс-қимылдың нығаюына және артуына үлкен мән бере отырып, халықтың қоныстануы мен дамуы бойынша Азия парламентарийлер форумымен тығыз ынтымақтастық дәстүрін жалғастыра беретініне тоқталды. Айта кету керек, кездесуге Мәжіліс депутаттары Ирина Смирнова, Зульфия Сүлейменова, Екатерина Смышляева және Мейрамбек Төлепберген қатысты.Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Швеция арасындағы парламентаралық байланысты талқылады
Нұр-Сұлтан, 24 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Қазақстан мен Швеция Корольдігінің ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топ мүшелерінің онлайн-кездесуі өтті. Кездесу барысында қазақстандық тараптан Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Қазақстан-Швеция» парламентаралық достық тобының жетекшісі Ханна Вестеренге келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтіп, еліміз үшін Швеция Солтүстік Еуропадағы маңызды саяси серіктестердің бірі екенін, сонымен қатар Қазақстан Швецияның Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі сенімді серіктесі екенін айтты. Өз кезегінде, Швед тобының басшысы, Риксдаг депутаты Ханна Вестерн Қазақстан мен Швеция арасындағы парламентаралық байланыстың нығайғанына тоқталды. Айта кету керек, кездесуге Мәжіліс депутаттарынан Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары Айгүл Құспан мен Қанат Мусин, сондай-ақ депутаттар Сауытбек Абдрахманов, Самат Ақышев, Мәди Ахметов, Лариса Павловец, Сергей Симонов, Ерлан Смайлов және Мақпал Тәжмамбетова қатысты.Мажилисмены приняли участие в 13-й Генеральной Ассамблее АФПНР
Нур-Султан, 24 мая, Дом Мажилиса. Депутаты Мажилиса высказались за укрепление сотрудничества с Азиатским форумом парламентариев по народонаселению и развитию. Важность развития межпарламентского диалога отметила заместитель Председателя Палаты Балаим Кесебаева. Сегодня посредством видеоконференцсвязи мажилисмены приняли участие в работе 13-ой Генеральной Ассамблеи Азиатского Форума парламентариев по народонаселению и развитию, которая состоялась в г.Токио (Япония). На открытии Генеральной Ассамблеи с приветственным словом выступили председатель АФПНР Кейзо Такеми, директор ЮНФПА в Азиатско-Тихоокеанском регионе Бьорна Андерсон, Председатель Федерации парламентариев Японии по вопросам народонаселения Йоко Камикава, а также Заместитель Председателя Мажилиса Балаим Кесебаева. Вице-спикер Мажилиса отметила, что Казахстан придает большое значение развитию многосторонних отношений со странами - членами АФПНР. По словам Балаим Кесебаевой, парламентское измерение является важным элементом в практике международного сотрудничества и активно способствует развитию взаимодействия между нашими государствами. - Придавая большое значение укреплению и расширению нашего взаимодействия, хочу заверить, что мы сохраним правопреемственность и продолжим добрую традицию тесного сотрудничества с Азиатским форумом парламентариев по народонаселению и развитию, - подчеркнула казахстанский парламентарий. Во встрече также приняли участие депутаты Мажилиса Ирина Смирнова, Зульфия Сулейменова, Екатерина Смышляева и Мейрамбек Тулепберген.Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Германия арасындағы парламентаралық байланысты талқылады
Нұр-Сұлтан, 21 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау мен Германия Бундестагының депутаты Манфред Грундпен бейнебайланыс арқылы кездесті. Іс-шарада Альберт Рау Қазақстан үшін Германиямен әріптестік стратегиялық сипатқа ие екенін, екі елдің саяси қарым-қатынасы сенімді диалог пен дәстүрлі достыққа негізделгенін атап өтіп, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсанда Берлин қаласына жасаған алғашқы ресми сапары Еуропа елдері арасындағы байланысты нығайта түскеніне назар аударды. Өз кезегінде, Майфред Грунд парламенттік дипломатияның мемлекетаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлесін, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өсу қарқыны байқалып отырғанына тоқталды. Сонымен қатар, іс-шараға Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Александр Милютин және Шамиль Осин, сондай-ақ Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов қатысты.Мәжіліс-Литва: парламентаралық байланыстарды жандандыру туралы
Нұр-Сұлтан, 17 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бүгін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған Мәжіліс депутаттары Литва Республикасы Сейманың депутаттарымен, парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерімен онлайн-кездесті. Сейманың депутаты Эдмундас Пупиниспен әңгіме барысында екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сұхбаттасушылардың пікірінше, Қазақстан мен Литва Орталық Азия мен Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестер елдер. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2020 жылы "Covid-19" пандемиясына қарамастан 482 млн. АҚШ доллардан асты. Айгүл Құспанның айтуынша, Қазақстан мен Литва арасында сындарлы қарым-қатынас пен түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тұрақты саяси диалог орныққан. Өз кезегінде Эдмундас Пупинис Мәжіліс депутаттарын алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Литваның біздің елмен серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға зор қызығушылығын білдірді. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Литваның заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты қарым-қатынас екі жақты парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал ететін атап өтті.Мәжіліс-Литва: парламентаралық байланыстарды жандандыру туралы
Нұр-Сұлтан, 17 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бүгін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған Мәжіліс депутаттары Литва Республикасы Сейманың депутаттарымен, парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерімен онлайн-кездесті. Сейманың депутаты Эдмундас Пупиниспен әңгіме барысында екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сұхбаттасушылардың пікірінше, Қазақстан мен Литва Орталық Азия мен Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестер елдер. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2020 жылы "Covid-19" пандемиясына қарамастан 482 млн. АҚШ доллардан асты. Айгүл Құспанның айтуынша, Қазақстан мен Литва арасында сындарлы қарым-қатынас пен түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тұрақты саяси диалог орныққан. Өз кезегінде Эдмундас Пупинис Мәжіліс депутаттарын алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Литваның біздің елмен серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға зор қызығушылығын білдірді. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Литваның заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты қарым-қатынас екі жақты парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал ететін атап өтті.Мәжілісте Қазақстан мен Черногория арасындағы парламентаралық байланыс талқыланды
Нұр-Сұлтан, 29 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Черногорияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Милорад Шчепановичпен кездесті. Кездесу барысында А. Құспан мәртебелі мейманды Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, елдер арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың дамитынына сенім білдірді. Сондай-ақ, отырыс барысында осы жылы қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толатыны аталып өтті. Тараптар парламентаралық байланыстың одан әрі арттыруға ерекше мән берді.Мәжіліс депутаттары: парламентаралық байланыс - мемлекетаралық диалогтың маңызды элементі
Нұр-Сұлтан, 22 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға, сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты. Мәжіліс депутаттары Мұхтар Ерман мен Берік Әбдіғалиұлы "Ресей мен Қазақстан: стратегиялық әріптестік пен жан-жақты ынтымақтастықтың 30 жылы"атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға барды. Іс-шара Мәскеу қаласындағы Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институтында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырылды. Конференция барысында сөз сөйлеген Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс, және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Мұхтар Ерман парламентаралық байланыс Қазақстан мен Ресейдің саяси диалогының маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Ал, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Айгүл Нұркина еңбекшілердің талаптарын қорғауды заңнамалық қамтамасыз ету, салауатты өмір салты саласындағы әлеуметтік жарнама және цифрлық денсаулық сақтау туралы модельдік заңдар тұжырымдамаларының жобалары қаралған ТМД Парламентаралық Әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысып, Қазақстандық парламентарий Комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды. Сапар барысында депутаттар ТМД мемлекеттеріндегі COVID-19 пандемиясы кезеңінде көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша да пікірталастарға қатысты.Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, 5 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады. Палата Спикері елшінің қазақстандық-жапондық қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан айрықша еңбегіне тоқталды. Бүгінде Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі саналады. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, біздің елдерімізді бейбіт өмір құндылықтары, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ортақ ұстанымдар біріктіреді. Мәжіліс Төрағасы Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы дәстүрлі достық өзара тиімді әріптестік және ынтымақтастық негізінде жоғары деңгейде даму жолына түскенін алға тарта келіп, бұл бағытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған елмен қатынасты одан әрі тереңдетуге көңіл бөліп келеді. Өз кезегінде Тацухико Касаи биыл Тәуелсіздігіне 30 жыл толатын Қазақстан, осы уақыттар ішінде толағай табыстарға қол жеткізгенін, бұл тиімді саяси басшылықтың және бірлігі жарасқан халықтың ерен еңбегі екенін айтып, шынайы ризашылық сезімін білдірді.Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Германия елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, 1 сәуір, Мәжіліс үйі. Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Йоханнес Клиннермен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті. Әсіресе, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға көңіл бөлінді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Германияны Еуропалық Одақ шеңберіндегі Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі ретінде қарап, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор көңіл бөлгенін алға тартқан Мәжіліс Спикері Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты байланысты одан әрі тереңдетуге зор ықпал еткенін атап өтті. Алдағы жылы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, осы уақыттар ішінде қос мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнап, қажетті құқықтық база қалыптасып, сауда-экономикалық әрі мәдени-гуманитарлық ықпалдастық қарқынды дамыды. Н. Нығматулин Қазақстан екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін айта келіп, осы жолда заңнамалық органдар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Осы орайда екі елдің парламенттік делегацияларының жиі іс-сапарлар мен кездесулер ұйымдастыруы парламентаралық диалогты нығайта отырып, Қазақстан мен Германия арасындағы сенім мен әріптестікті дамытуға бағытталған нақты қадам деуге болады. Өз кезегінде Т. Клиннер Қазақстан Германияның оңтайлы сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін және екі ел басшыларының кездесуі елдер арасындағы ықпалдастықты жаңа деңгейге шығаруға серпін бергенін айтты. Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде іс-сапарлар арқылы заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру қажеттілігіне тоқталды.