Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.05.2021

Мәжілісмендер Риддерде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударды


Нұр-Сұлтан, 11 мамыр, Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін Мәжіліс депутаттарының бір күндік жалақысын аудару туралы Қаулы қабылдады.

Қаражат Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына орман өрті салдарынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіруге бағытталады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі