Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.10.2021

Мәжіліс депутаттары Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілімен кездесті


Нұр-Сұлтан, 5 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Снежанна Имашева Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесіп, еліміздің заң шығару қызметі туралы баяндады.

Тараптар Еуропалық Одақ пен Қазақстан стратегиялық серіктес екенін айтып, Айгүл Құспан Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан Еуроодақпен ынтымақтастыққа ерекше назар аударатынын, ал бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельмен ынтымақтастықты тереңдетуге де зор мән беретінін атап өтті.  

Қазіргі уақытта Қазақстанда саяси жүйені реформалау, азаматтық қоғамды дамыту бойынша дәйекті жұмыстар жалғасып жатқанын айтқан А.Құспан Парламентке кірмеген барлық саяси партиялармен сындарлы өзара іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жанынан партияаралық кеңес құрылғана тоқталды. Сонымен қатар, әйелдер мен жастардың саяси өміріне қатысу мүмкіндіктері кеңейтілгенін атап өтіп, партияларды Парламентке өтудің шекті деңгейі 7-ден 5%-ға дейін төмендетілгенін, сайлау бюллетеньдеріне «Барлығына қарсы» бағаны енгізілгенін айтты.

Өз кезегінде, Т. Хакала Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігіне тоқталды. Сондай-ақ, кездесуде халықаралық деңгейдегі бірқатар маңызды келелі мәселелер талқыланды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-01. Суретті түсірген С.Майлыбаев)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі