Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.01.2022

Мәжіліс депутаты Б.Смағұл: Президенттің шешімдері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған


Нұр-Сұлтан, 6 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында айтқан шешімдерін қолдайтынын жеткізді.

Депутат атап өткендей, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт ұйымындағы әріптестерінен халқымызды террористерден, ұйымдасқан бандалардан қорғау мақсатында көмек сұрады.

Мемлекет басшысының бұл шешімі, біріншіден, қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін керек. Осы жолда Президенттің еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы үшін, халқымыздың қауіпсіздігі жолындағы маңызды да саяси қадамдарына жан-жақты қолдау көрсетеміз, - деді Б.Смағұл.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты елдің басына күн туған заманда Президенттің осындай батыл қадамдары халық үшін өте қажет екенін айтып, ел тұтастығын сақтау мақсатында бүкіл халық жұдырықтай жұмылып, бұл қиындықтарды бірге жеңетінімізге сенім білдірді.  

 

(Мәжілістің баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі