Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
29.04.2022

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Нұр-Сұлтан, 29 сәуір, Мәжіліс үйі.  Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттарға инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.

Заң жобасы халықтың цифрлық құжаттарды қағаз түріндегі баламасымен тең дәрежеде қолдануды көздейді.

Сондай-ақ ұлттық пошта операторына ауылдық елді мекендерде тұратын халыққа мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету функциясын беру ұсынылады.

Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификацияланатын заң жобаларын қарады. Олар: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама, сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы Арменияға мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім.

Сондай-ақ Мәжілістің Палата комитеті алдағы жалпы отырыста Қазақстан мен Беларусь арасындағы Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алатын болады.

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі