Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.08.2022

Мәжіліс депутаты Андорра Сыртқы істер министрімен кездесті


Нұр-Сұлтан, 4 тамыз, Мәжіліс үйі. Мәжілісте Қазақстан мен Андорра арасындағы саяси және экономикалық байланысты арттыру мәселесі талқыланды.

Мәжіліс депутаты, Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Қазақстанға ресми сапармен келген Андорра Сыртқы істер министрі Мария Губах Фонт бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

«Елдеріміз арасындағы саяси және экономикалық екіжақты байланыстардың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Соның ішінде, туризм саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп ойлаймын», – деді А.Құспан.

Кездесу барысында қос ел арасында сауда, инвестиция және цифрландыру саласында да әріптестікке қол жеткізу мәселесі талқыланды.  

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Андорра арасындағы серіктестіктің одан әрі тереңдеуіне сенім білдірді.

Мәжілістің Баспасөз қызметі74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі