Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.09.2022

Мәжіліс Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударады


Нұр-Сұлтан, 5 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Қостанай облысының тұрғындары бұрын-соңды болмаған қайғылы жағдай – өртке тап болды. Өкінішке орай, қайтыс болған адам бар. Жүздеген үйлер мен өндірістік нысандар қирады. Орман қоры мен жануарлар әлеміне үлкен зиян келді.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар барлық қажетті шараларды қабылдауда. Мемлекет басшысы жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр.

Осындай ауыр кезеңде барлық қазақстандықтарға қостанайлықтармен бірге болып, қолдан келгенше көмек көрсету маңызды.

Осыған байланысты Парламент Мәжілісі Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдады. Мәжілісмендер мен Аппарат қызметкерлері марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Сурет Ж. Жұмабеков

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі