Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.09.2022

Екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды


Диктор: Перспективы казахстанско-монгольских отношений и развитие межпарламентской интеграции

Нұр-Сұлтан, 6-қыркүйек, Мәжіліс үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Юлия Кучинская Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия басқармалары басшысының орынбасары Пауль АМАНН мырзамен кездесті.  Тараптар екіжақты қатынасты нығайтудың маңызды мәселелерін талқылады.

Ю. Кучинская Қазақстан Германиямен ынтымақтастықты дамытуға айрықша маңыз беретінін және аталған ел Еуропалық Одақтағы біздің негізгі стратегиялық әріптесіміз екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Германияға сапарлары  өзара іс-қимылдың күшеюіне қуатты серпін бергенін айтты.  

Биыл Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық әріптестіктің орнағанына 30 жыл толды және осы тарихи қысқа мерзім ішінде екі елдің байланысы жоғары деңгейге жетті. Оның ішінде саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, Юлия Кучинская парламентаралық тығыз байланыстың маңыздылығына баса назар аударып, Мәжілістегі  "Қазақстан – Германия" және ГФР Бундестагындағы "Германия – Орталық Азия" парламенттік достық топтарының әлеуеті зор екеніне тоқталды.  

Өз кезегінде Пауль Аманн екіжақты өзара ынтымақтастықтың, соның ішінде парламентаралық әріптестік деңгейіне жоғары баға бере келіп, өзара ықпалдастықтың алдағы уақытта да одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі