Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.09.2022

Мәжіліс Төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды


Нұр-Сұлтан, 14 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков).  

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі