Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
21.09.2022

Мәжіліс депутаттары ДДҰ-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады


Астана, 21 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клумен кездесіп, өзара іс-әрекеттің өзекті мәселелерін талқылады.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева Денсаулық сақтау мәселелерін жүзеге асыруда ұзақ мерзімді бірлескен ынтымақтастық пен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Мәжіліс вице-спикері азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері әрдайым мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан ең озық халықаралық стандарттар мен технологияларға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дамытуда. Бұған 2025 жылға қарай денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың ЖІӨ-ден 5 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғаюы дәлел бола алады.

ДДҰ өңірлік бюросының директоры жалпы алғанда, Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту мәселелеріндегі өзгерістердің оң қарқынын атап өтіп, республикада салауатты өмір салты бойынша тұрақты дамудың жаһандық мақсатына қол жеткізу үшін жақсы жағдай жасалғанына тоқталды.

Ханс Клуге сондай-ақ заңнаманы жетілдіру мәселелерінде қазақстандық парламентарилермен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендігі білдірді.

Қазақстан тарапынан кездесуге Мәжіліс депутаттары Жәмиля Нұрманбетова, Зарина Камасова, Гүлдара Нұрымова, Лариса Павловец, Ғалымжан Елеуов және денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі