Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.01.2023

Мәжіліс Оқу-ағарту министрінің кандидатурасын келісті


Астана, 4 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті.

Онда депутаттар Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау үшін Ғани Бейтайұлы Бейсембаевтың  кандидатурасын келісті. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыс соңында Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау үшін Ғани Бейтайұлы Бейсембаевтың  кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттің тиісті қорытындысы қабылданды. 

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков
 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі