Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.02.2024

Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасына келісім берді


Астана, 6 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Жұманғарин Серік Мақашұлының кандидатурасы келісілді. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген – Ж.Жұмабеков


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі