Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚОҢЫРОВ Айқын Ойратұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
Қоныров Айқын Ойратұлы, 1972 жылы 28 қараша күні Көкшетау облысы, Куйбышев қтп

Қоныров Айқын Ойратұлы, 1972 жылы 28 қараша күні Көкшетау облысы, Куйбышев қтп. дүниеге келген. Қазақ. Үйленген, екі бала тәрбиелеуде. Екі жоғары білімі бар – Көкшетау мемлекеттік университет («Орыс тілде оқытусыз мектептерде орыс тілінен оқытушы», 1998ж.), «Фемида» Қарағанды заң академиясы («заңгер-құқықтанушы», 2006ж.).

1989 жылы Куйбышев орта мектебін тәмәмдаған соң еңбек қызметін Куйбышев аудандық шаруашылық басқармасының автобазасында слесарь болып бастады.

Кәсіпкерлік ісімен белсенді айналысады. 2004-2011 ж.ж. аралығында «News Print» ЖШС жетекшісі қызметін атқарады («Московский комсомолец в Казахстане» газетін басып шығару).

2004 жылы Қазақстан Коммунистік Халық Партиясын құруға бағытталған ұйымдастыру комитетінің құрамына енді. 2005-2006ж.ж. – Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы. Партияның тіркеуден өткен мезетінен бастап қазіргі таңға дейін ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі. 2008 жылдан бастап ҚКХП Орталық комитеті Бюросының мүшесі.

2004ж., 2007 ж. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға ҚКХП атынан кандидат болып қатысты. 2007ж., 2011ж. ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары.

2013 ж. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты. ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәслелелер жөніндегі комитетінің мүшесі.

2016 ж. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты. ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәслелелер жөніндегі комитетінің мүшесі.

2021 ж. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты. ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәслелелер жөніндегі комитетінің мүшесі.


Жеке парағы