Жеке парағыНҰРМАНБЕТОВА Жәмилә Нүсіпжанқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы 1964 жылы 22 ақпанда Алматы облысы Балхаш ауданында дүниеге келген.
1981-1986 жж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, «философия» мамандығын үздік тәмамдады.
1986-1989 жж. – КСРО ҒА философия институтының аспирантурасы (Мәскеу), философия ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация.
1999 – 09.00.11 ж. - ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтында «Әлеуметтік философия» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.
2004 ж. – профессор атағын иемденді.
2013 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА) корреспондент мүшесі
2019 ж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
1989-1999 жж. – Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Философия және саясаттану институты Алматы қ.
1989 ж. - әлеуметтік философия және этика бөлімінің аға лаборанты;
1989 ж. - әлеуметтік философия және этика бөлімінің ғылыми қызметкері 1992ж. - мәдениет философиясы және саясат бөлімінің ғылыми қызметкері 1993 ж. - мәдениет философиясы және саясат бөлімінің аға ғылыми қызметкері;
1996 ж. - ғылым философиясы және техника бөлімінің аға ғылыми қызметкері.
2000-2016 жж. – Л.Н: Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті: 2001-2002 жж. – философия кафедрасының меңгерушісі.
2003-2004 жж. - оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор.
2004-24.03.2016 жж. ЕҰУ бірінші проректоры.
24.03.2016 ж. – 14.01.2021 ж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылым депутаты.
15.01.2021 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІI шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы.
Қоғамдық-саяси және білім беру қызметі:
Ғылыми-мүдделері: философия антропологиясы, әлеуметтік философия, философия және ғылым әдістемелігі, қазіргі шетелдік философия, білім философиясы. Жүзден аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. 2006-2009 жж. «Философия тарихы» және «Әлеуметтік философия» мамандықтары бойынша ғылыми дәрежені іздестіру диссертациясын қорғау диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары.
«Нұр Отан» ХДП «Нұр» Астана қалалық филиалының төрағасы.
Марапаттары:
«ҚР білім берудің құрметті қызметкері» омырауға тағатын белгi - 2001 ж. «Ы.Алтынсарин» төсбелгі медалі - 2008 ж., «Құрмет» ордені - 2008 ж., "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" омырауға тағатын белгi - 2013 ж., «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағы - 2014 ж., «10 жыл Астана» мерейтойлық медалі - 2008 ж. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» - 2011 ж., «Қазақстан Халық Ассамблеясына 20 жыл» - 2015 ж. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» - 2015 ж.,«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» - 2016 ж., «Астана 20 жыл» - 2018 ж., «МПА СНГ. 25 лет» - 2018 ж., «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырауға тағатын белгi - 2019 ж.