Жеке парағыОМАРБЕКОВА Жанат Әнуарбекқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі 1961 жылдың 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген. Семей қаласының Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институттының «физика» мамандығын және Қазақстан-Ресей университетінің «заңгер» мамандығын бітірді. Физика-математикалық ғылымдарының кандидаты.
1983 – 1984 жылдары Семей қаласы №36 орта мектебінің мұғалімі.
1984 – 1986 жылдары Екібастұз қаласы кентау техникумының физика мұғалімі.
1986 – 1990 жылдары Екібастұз қаласы СПТУ-14 физика мұғалімі.
1990 – 1994 жылдары «Азат» ШК-ның ғылыми қызметкері.
1994 – 1999 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС-нің ғылыми қызметкері.
1999 – 2008 жылдары Екібастұз қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты филиалының директоры.
2008 – 2009 жылдары «Жанат» МБОСО» ЖШС-ның коммерциялық директоры.
2009 жылы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы.
2010 – 2016 жылдары – «Жанат» МБОСО» ЖШС-нің бас директоры.
2010 жылдан бастап – «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» президенті.
2010 жылдан бастап – «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.
2016 жылғы 24 наурыздан – 2021 жылғы 14 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылым депутаты.
2021 жылғы 15 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІI шақырылым депутаты.
Медальдер мен наградалар:
«Шапағат», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл» медальдері.
Паралимпиядалық спорттың дамуына үлес қосқаны үшін «Қайсар Тұлға» премиясының лауреаты.