Жеке парағыИМАШЕВА Снежанна Валерьевна Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы 1981 жылғы 20 сәуірде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Бекей ауылында туған. 2001 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
2003.08 – 2005.04 – «Жаик Холдинг» ЖШС-ның заң кеңесшісі;
2005.05 - 2011.09 - «Аксайэнерго» ЖШС-ның заң кеңесшісі, өткізу бөлімінің бастығы;
2011.09 – 2016.03 - «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның Бас директоры;
2016 жылғы 24 наурызынан бастап – алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты- Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы.
2023 жылдың наурыз айынан бастап сегізінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты- Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы.