Жеке парағыМАГЕРРАМОВ Магеррам Мамедович Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі 1971 жылы 7 желтоқсанда Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында туған.
Жоғары білімі бар.
2004 – 2009 ж.ж. – академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық институтын юриспруденция мамандығы бойынша бітірді;
1989 – 1991 ж.ж. – Забайкалье Қызыл тулы шекара округінде әскери қызметтен өтті;
Еңбек жолы:
1992 – 1993 ж.ж. – "Тахмина" ШЖК экспедитор болып жұмыс істеді;
1993 – 1994 ж.ж. – "Трабзон" ШЖК директоры болды;
1995 – 2000 ж.ж. – жеке кәсіпкерлікпен айналысты;
2000 – 2001ж.ж. – "Зарина" шаруа қожалығын жүргізді;
2001– 2004 ж.ж. – ҚКП ОК мүшесі, Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды;
2004 – 2012 ж.ж. – ҚХКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХКП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы;
2012 – 2015 ж.ж. – ҚХКП ОК Ұйымдастыру-партия және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ҚХКП ОК Саяси бюросының мүшесі;
2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – ҚХКП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, ҚХКП ОК Саяси бюросының мүшесі.
Спорттағы, оқудағы табыстары үшін және БЛКЖО қоғамдық жұмысы үшін грамоталары бар; әскери қызметі үшін наградалары, ҚКП, кейін ҚХКП-дағы белсенді жұмысы үшін грамоталары мен медальдары бар.
Отбасылы. Екі баласы бар (қыз бен ұл).
Жеке парағы