Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
СИМОНОВ Сергей Анатольевич
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
1973 жылғы 1 ақпанда Ақтөбе қаласында туған.

Білімі жоғары, Орынбор мемлекеттік университетін «менеджмент» мамандығы бойынша тамамдаған, «техник-механик» мамандығы бойынша Ақтөбе құрылыс техникумын бітірген.

1991-1993 жылдары Ленинск, Арал қалаларының және Ақтөбе облысы әскери бөлімдерінде әскери міндетін атқарған.

Еңбек жолын 1994 жылы «Актюбстрой» жобалау-құрылыс фирмасы» АҚ автокәсіпорнының автослесарі болып бастаған.

1995-1997 жылдары - «Актюбстрой» жобалау-құрылыс фирмасы» АҚ ТББ-70 зауыты транспорттық учаскесінің механигі.

1997-1999 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімінің көмекшісі, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының құрылыс және коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

1999-2002 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының жетекшісі.

2003-2004 жылдары - «Интерстиль» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы.

2004-2006 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының жетекшісі.

2006-2016 жылдары - «Стройдеталь» ЖШС директорының орынбасары, атқарушы директоры.

2016 -2021 –VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатыі, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.

2021 жылғы қаңтардан –VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.

Мемлекеттік марапат «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.) мерекелік медальдарымен марапатталған.

Үйленген, бір қызы және екі ұлы бар.


Жеке парағы