Өмірбаяны

Жеке парағы
АБАСОВ Қайнар Бегалыұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1969 жылы 16 маусымда Түркістан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген.

1993-1997 жылдары - жеке кәсіпкер;

1997-1999 жылдары - «Қазақ мақта компаниясы» ЖШС директоры;

1999-2002 жылдары - «Қазақ мақта компаниясы» ЖАҚ вице-президенті;

2002-2006 жылдары - «Road-Text LTD» ЖШС бас директоры;

2006-2021 жылдары - «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС бас директоры;

2021 жылғы қаңтардан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен (2018) және Атамекен одағының «Адал кәсіпкерлігі үшін» 1 -дәрежелі орденімен, «Ерен еңбегі үшін» (2012), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), Nur Otan партиясының «Белсенді қызмет үшін» (2019) медальдарымен марапатталған.

Үйленген, бес баласы бар.


Жеке парағы