Өмірбаяны

Жеке парағы
АДАМБАЕВ Сырым Жұматайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1962 жылы 7 сәуірде Алма-Ата қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1986 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Алма-Ата зооветеринарлық институтын «Зоотехния» мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «экономист-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша бітірген.

2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

1980-1981 жылдары – Еңбек Қызыл Ту орденді Алма-Ата зооветеринарлық институтының дайындау бөлімшесінің тыңдаушысы;

1981-1986 жылдары - Еңбек Қызыл Ту орденді Алма-Ата зооветеринарлық институтының Зооинженер факультетінің студенті;

1988-1991 жылдары - Жамбыл облысы Сарысу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің сатып алу және ауылшаруашылық және өндірістік жұмыс сапасының инспекторы, аға диспетчері, бас мемлекеттік инспекторы;

1993-1995 жылдары - «Тамға» ЖШС-нің бас менеджері;

1995-2005 жылдары - Алматы қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің өнеркәсіп және сауда жөніндегі бас инспекторы;

2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының бастығы;

2009-2012 жылдары - «БТА Банкі» АҚ бөлшек бизнестің проблемалық несиелері басқармасының бастығы;

2013-2014 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Әкімшілік департаменті директорының орынбасары;

2014-2018 жылдары - «КазРосГаз» ЖШС аппаратаның басшысы;

2018-2021 жылдары - «Азия газ құбыры» ЖШС атқарушы директоры, бас директорының кеңесшісі;

2021 жылдан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

«Жамбыл облысы, Сарысу ауданының құрметті азаматы» атағы 2015 жылы.

Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.


Жеке парағы