Өмірбаяны

Жеке парағы
АМИРХАНЯН Аветик Рубенович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
Қазақстан Халқы Ассамблеясы тобының мүшесі.

1955 жылы 3 наурызда Армян КСР-і, Мартунинский ауданы, Еранос селосында дүниеге келген.

1984 жылы Орал совхоз-техникумын Агрономия мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын құқықтану мамандығы бойынша, 2011 жылы Евразия академиясын Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

1973-1975 жж. – Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеді.

Еңбек жолын 1975 жылы Орал облысы, Теректі ауданының «Красный Октябрь» колхозында құрылыс бригадасында шебер болып бастады.

1981 -1991 жж. «Уральсксельстрой» трестінің 801-ПМК –сының құрылыс бөлімшесінін шебері.

1991-2020 жж. – «Айдана» ЖШС-нің жетекшісі.

2005-2021 жж. – «Мырза Джан» шаруа қожалығының басшысы.

2012 жылдан Батыс Қазақстан облыстық «Масис» Армян этономәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2003 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатыү

Отбасылы, 1қызы, 2 ұлы, 4 немересі бар.

Еңбек қызметіндегі кейбір жетістіктер:

1991жылы жеңіл өнеркәсіп пен азық-түлік саласына бағытталған «Айдана» шағын кәсіпорнын ашты.

Марапаттары:

«Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі,

«Атамаекен» ҰЭП-ның «Атамекен» ІІІ дәрежелі медалі,

«Шапағат» медалі,

«Құрметті жолшы» медалі,

«Ерен еңбегі» медалі,

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі,

«Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалі,

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі,

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі,

«Құрмет» ордені,

БҚО «Құрметті энергетигі» медалі,

Кеден Одағының құрметті азаматы,

«Қазақстан Республикасынының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі,

Көшбасшы мекемені табысты басқарғаны және экономикалық мемлекеттердің дамуына жеке көзқарасы үшін «Decus oeconomicae» ордені,

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі.

Сүйікті ісі:

Бильярд, үстел теннисі, воллейбол ойнау.


Жеке парағы