Өмірбаяны

Жеке парағы
ОСИН Шамиль Абзалетдинович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1961 жылы 12 тамызда Ресейдің Томск қаласында дүниеге келген, білімі жоғары. 1980 жылы Қарағанды қаласындағы Кәсіптік техникалық училищені жерасты электр слесарі мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Қарағанды өндірістік бірлестігі Костенко атындағы шахтаның № 5 учаскесінде 4 разрядты жер асты электр слесарі болып бастады.

1982-1984 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте;

1984 - 1991 ж. - Қарағанды облысының Госторг жүйесінде жұмыс;

1991 - 1993 ж. - Құрылыс шағын жеке кәсіпорын директорының орынбасары;

1993 - 1999 ж. - "Союзторгоборудование" АҚ президенті;

1999 - 2009 ж. - "Шығыс" ЖШС директоры;

2009-15.01. 2021 ж. - "Шығыс" фермерлік шаруашылығының басшысы

2021 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты. Аграрлық мәселелер Комитетінің мүшесі.

"Құрмет" орденімен (2017 ж.) және "Шапағат" (2011 ж.), "Халық алғысы" (2020 ж.) медальдарымен марапатталған.


Жеке парағы