Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ӘШІМЖАНОВ Жанарбек Садықанұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1976 жылы 1 сәуiрде киелі Аспантаулар өңірінде, Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында туған.

1993 жылы Жалаңаш қазақ орта мектебін бітірген.

1995-1999 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде білім алды.

Тырнақалды туындылары аудандық «Хантәңірі» (бұрынғы «Коммунизм нұры»), облыстық «Жетісу» басылымдарында жарық көрген.

Қазақ Ұлттық Университетінде күндізгі бөлімде оқи жүріп, ІІ-курстан бастап, яғни 1996-1999 жылдары қалалық «Алматы ақшамы» газетiнде тiлшi болып қызмет етті.

2000 жылы републикалық қоғамдық-саяси «Қазақстан» журналында бөлiм редакторы болып аз ғана уақыт жұмыс істеді.

2000-2005 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетiнің әдебиет және руханият, саясат бөлімінде редактор болып қызмет етті.

2005-2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары қызметтерiн атқарды.

2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры болып қызмет жасады.

2012 жылғы қаламгерлер Құрылтайында Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

2016 жылы Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі болып сайланды.

2017 жылдан республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы болды.

2018 жылдың маусымынан бастап республикалық «Ана тілі» газетінің Бас редакторы қызметін атқарып келеді.

Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы «Жас қаламгерлер» кеңесiнiң төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарды.

Марапаттары:

2003 жылы Астанада өткен халықаралық «Шабыт» фестивалiнiң «Гран-при» иегерi.

2006 Түркiстан қаласында өткен Өмiрбай Сәуiрбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының І жүлдегерi.

2007 жылғы «БТА» банкі ұйымдастырған жазба ақындардың республикалық жыр бәйгесінің бас жүлдегері.

2008 жылы «Бір өлең – бір әлем» атты халықаралық жазба ақындар жыр мүшәйрасының бас жүлдегері.

2009 жылы ҚР Үкіметінің арнайы Жарлығымен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» және «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалімен, сондай-ақ «Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Осы 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

2019 жылы маусымда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президенті сыйлығының лауреаты марапатына ие болды.

«Панда жылаған жаз», «Алғашқы қоңырау» кітаптарының авторы.


Жеке парағы