Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ЖУЛИН Юрий Викторович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1979 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін саясаттану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды Қаржы институтының оқытушысы болып бастаған.

2000 жылдан 2002 жылға дейін - Қарағанды облыстық Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы.

2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы.

2004-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, инспекторы, сектор меңгерушісі.

2010-2012 жылдары - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат жөніндегі орынбасары.

2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК директоры.

2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаменті бастығының орынбасары.

2015 жылғы наурыз-қыркүйек аралығында – «Нұр Отан» партиясының ақпарат мониторингі қызметінің басшысы.

2015-2018 жылдары - Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Ақпарат және талдау орталығы» ШЖҚ КМК директоры.

2018-2019 жылдары - Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2019-2021 жылдары - «Nur Otan» партияның Орталық аппараты басшысының орынбасары.

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап – «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


Жеке парағы