Өмірбаяны

Жеке парағы
НАБИЕВ Вакиль Гусейнович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1982 жылғы 1 тамызда Қырғыз КСР-ның Ош облысы Михайловка ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2004 жылы Алматы мемлекеттік университетін халықаралық құқұқ мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы "Тұран" университетінде экономика мамандығын меңгерді. 2014 жылы Абай атындығы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмәмдап, Мәдениет магистрі атағын иеленді.

Еңбек қызметін 2004 жылы "ABS Строй" ЖШС-нің директоры орынбасары болып бастап, үзілістермен 2019 жылға дейін атқарды.

2008 - 2018 жж. - Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы «Барбанг» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жастар комитетінің төрағасы;

2010 жылдан бастап - осы күнге дейін "Nur Otan" партиясының мүшесі;

2011 - 2012 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің құқұқтық қызметі бөлімінің бас юрисконсульты;

2014 жылдан бастап - осы күнге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы «Барбанг»» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;

2016 - 2018 жж. - Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасының орынбасары;

2016 - 2018 жж. - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі;

2016 - 2021 жж. – «Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы «Барбанг» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық бөлімінің төрағасы;

2019 жылдан бастап - осы күнге дейін «Қазақстанның балалар үйі түлектерінің ассоциациясы» ЗТҰ-ның қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

Оңтүстік Корея, Сеул қаласында халықаралық тағылымдамадан өткен;

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі;

Алматы облысы Іле ауданының Құрметті азаматы атағына ие. "Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен" және "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл","Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерекелік медальдарымен наградталған. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, "Nur Otan" партиясының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Үйленген, үш баланың әкесі.


Жеке парағы