Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚҰСАЙЫНОВ Марат Әпсеметұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің Төрағасы
1965 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институтын.

ҚР Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiн.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Институтты бітіргеннен кейін Қызылорда қаласының Қызылорда қалалық атқару комитетінің Кешенді әлеуметтік даму бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс атқарды.

1988-1996 жылдары – жоспарлау комиссиясының аға экономисті, Қызылорда қалалық әкімшілігі Экономика басқармасының бастығы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының Экономика бөлімінің меңгерушісі.

1997 жылы – ҚР Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiгiнiң толықтырылатын стратегиялық ресурстарды бақылау бөлімінің консультанты.

1997-2000 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлімінің консультанты.

2000 жылы – ҚР Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және бақылау департаменті директорының орынбасары.

2000-2001 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау департаментінің директоры.

2002 жылы – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары.

2002-2003 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің директоры.

2003-2006 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры.

2006-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі.

2010-2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда Вице-министрі.

2013-2014 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі.

2014-2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2017-2019 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр).

2019-2021 жылдары – «Еуразия даму банкi» басқарма төрағасының орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан бастап – «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен және түрлі мерекелік медальдармен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хаттары бар.


Жеке парағы