Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚҰСПАН Айгүл Сайфоллақызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы
Білімі:

Алматы шет тілдері педагогикалық институты (1983);

М.Торез атындағы Мәскеу шет тілдері педагогикалық институты (1989);

Ренн-I университеті, Франция (1995);

Ұлттық әкімшілік мектебі, Франция (1996).

Еңбек жолы:

1983-1984 және 1989-1992 - Алматы шет тілдері педагогикалық институтының оқытушысы;

1996-1999 жж. - Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;

1999-2002 жж. - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бөлім бастығы;

2002-2004 жж. - Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің кеңесшісі;

2004-2006 жж. - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті бөлімінің бастығы;

2006-2011 жж. - Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;

2011-2013 жж. - Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары;

2014 -2018 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры;

2018 - 2021 жж. - Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропалық Одақ жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметтерін қоса атқарған.

2021 жылдың қарашасынан - «Еуразия» Парламентаралық Одағының геосаяси тобының төрағасы;

2022 жылдың наурызынан бастап – Украинадағы жағдай бойынша ПАО арнайы тобының мүшесі;

2022 жылдың шілдесінен - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы жанындағы Жібек жолы тобы төрағасының орынбасары

Дипломатиялық дәрежесі: Төтенше және Өкілетті Елші

Мемлекеттік марапаттар: «Құрмет» орденi, Қазақстан Республикасы, 2019 жылғы желтоқсан;

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, 2013 жылғы желтоқсан;

"Ordre national du Mérite"("Еңбек үшін" Ұлттық ордені), Француз Республикасы, 2019 жылғы наурыз;

"Ordre de la Couronne de chêne"("Емен тәжінің ордені"), Ұлы Люксембург Герцогтігі, желтоқсан 2021.

Отбасылық жағдайы: Тұрмыс құрған

Жеке парағы