Өмірбаяны

Жеке парағы
АБАҚАНОВ Елдос Нұрболұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1988 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құрылыс бакалавры, 2011 жылы аталған оқу орнының «Құрылыс материалдары, конструкциялары мен бұйымдарын өндіру» мамандығының магистрі бойынша бітірді.

2007 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың маусымына дейін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жастар саясаты орталығы жанындағы мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс бөлімінің маманы.

2009 жылдың шілде айынан бастап құрылыс компанияларында сметашының көмекшісі.

2011 жылдың ақпан айынан бастап «Қазгидромет» РМК өндірістік - техникалық басқармасының жетекші инженері.

2012 жылдың ақпан айынан бастап «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-нің бас менеджері.

2015 жылдың сәуір айынан бастап «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ жобаларінің менеджері.

2016 жылдан бастап «ҚР энерготиімділік және ресурс үнемдеу қоғамдық палатасы» ЗТБ Басқарма Төрағасы.

2017 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы қаңтарға дейін «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан бастап VІI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Энергия үнемдеу, Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Еуропа, Азия, ТМД және АҚШ елдерінде тағылымдамадан және біліктілігін арттырудан өтті.

«Ерен еңбегі үшін», «Экология саласының үздігі», «Қазақстан Республикасының экология саласының 30 жыл» медальдарымен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.


Жеке парағы