Өмірбаяны

Жеке парағы
АХМЕТОВ Мәди Абылайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1995 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» әлеуметтік білім бакалавры, 2019 жылы «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «журналистика» факультеті жанындағы «Медиасфера» гуманитарлық орталығында тағылымгер-зерттеуші ретінде бастаған. «Қазақ елі» республикалық экспедициясына қатысты.

2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада барысында 500 еріктінің жұмысын үйлестірді (Аталған спорттық жарысқа 57 ел қатысты, бұл бүгінгі күнге дейін рекордтық сан болып табылады).

2017-2018 жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы болды.

2018 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері болып жұмыс істеді.

2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдың наурыз айынан бастап «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

«Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы қаласы бойынша 200 жасотандық еріктінің жұмысын үйлестірді. Сондай-ақ Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге және Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысты.

2019 жылы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2021 жылғы қаңтардан бастап - жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі.

Өзінің еңбек жолында қол жеткізген нәтижелері үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталған (2020 ж.), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың (2016 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың (2019 ж.) алғыс хаттарымен марапатталған.

Отбасы жағдайы: үйленбеген.


Жеке парағы