Өмірбаяны

Жеке парағы
БҰЛАРОВ ІлиясЖүсіпұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VII шақырылымының депутаты

Ильяс Жүсіпұлы Буларов, қазақ, 1957 жылы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1980 ж. Қазақ ауылшаруашылық институтын бітірген. 1989 жылы Республикалық агроөнеркәсіптік кешенді басқару мектебін тамадады. 2007 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1973 - 1974 жылдары Коммунистік колхозында слесарь-жөндеуші ретінде бастады.

1975-1980 жылдары-Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқыды.

1980-1986 ж.астық қырманның меңгерушісі, қант қызылшасы агрономы, өсімдіктерді қорғау агрономы, спорт нұсқаушысы.

1986-1988 жылдары-Коммунистік колхозының Кәсіподақ комитетінің төрағасы.

1988-1994 жылдары- Коммунистік колхозының өндірістік учаскесінің бригадирі.

1994-1997 жылдары-Коммунистік ұжымшар басқармасының төрағасы.

1997-1999 жылдары-Қордай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.

1999 - 2004 жылдары - "Қордайгаз"ЖШС-і директоры.

2004-2006 жылдары-Қызылорда газ шаруашылығы басқармасының бас инженері.

2006 - 2008 жылдары-"АГС-Сервис" ЖШС "ҚазТрансГаз Алматы"АҚ, бас инженері.

2008 - 2015 жылдары – «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары.

2016-2021 жылдары-Сортөбе ауылдық округінің әкімі.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VII шақырылымының депутаты болып сайланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланды.

2008 жылынан бастап «NurOtan» партиясының мүшесі.

- ІІ дәрежелі" Достық " ордені (2020ж.)

- "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалі-2020 ж.,

- "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтолық медалі-2016 ж.,

- "Қазақстанның көлік құбырына 70 жыл" төсбелгісі-2005 ж.

- II дәрежелі "Шекара қызметі" төсбелгісі-2018 ж. марапатталған.

Үйленген, төрт баласы, 11 немересі бар


Жеке парағы