Өмірбаяны

Жеке парағы
ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

1953 жылы 7 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетмен ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1975 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, мамандығы «Жылумен, газбен жабдықтау және желдету біліктілігі бойынша инженер-құрылысшы».

Өзінің еңбек жолын 1975 жылы қазанда Алматы қалалық жылу жүйелері кәсіпорнында бастады, онда режим бойынша шеберден учаске бастығына дейін өтті.

1983-1986 жылдары Алматы қалалық жылу жүйелері кәсіпорнының кәсіподақ комитетінің төрағасы.

1986-1987 жылдары Алматы облыстық «Облтеплокоммунэнерго» өндірістік бірлестігінің бас инженері.

1987-1988 жылдары Қазақстан коммунистік партиясы Алматы қалалық комитетінің Құрылыс және қалалық шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы.

1988-1999 жылдары «Алматы облтеплокоммунэнерго» мекемесінің бас директоры.

1999-2007 годы Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі.

2007-2014 жылдары басшылық қызметтерді атқарды, атап айтқанда: «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ-ның президенті, «Алматыгортранс» ЖШС-нің директоры, «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС-нің директоры.

2014-2021 жылдары «Жетісу-Облгаз» ЖШС-нің бас директоры.

2021 жылғы 15 қаңтардаң Қазақстан халқы Ассамблеясынан VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Құрмет» орденімен (2005 ж.), көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған. Алматы облысының құрметті азаматы.

Үйленген, үш баланы тәрбиелеп отыр.


Жеке парағы