Өмірбаяны

Жеке парағы
АҚЫШЕВ Самат Сағынбайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1963 жылы Қостанай облысы Бурабай ауданы Ұзын-Ағаш ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Рудный индустриалдық институтын «пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

1985 – 1987 жылдары – Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1988 – 1991 жылдары – Мәскеу тау-кен институтының күндізгі асприантурасында оқыды.

1992 – 1997 жылдары – Рудный Индустриалдық институтында оқытушы, әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор болып жұмыс істеді.

1997 – 2001 жылдары – Қостанай қаласындағы «Мелькомбинат» ААҚ атқарушы директоры, басқарма төрағасы, бас директоры.

2001 – 2006 жылдары – Қостанай облысы Жітіқара қаласында «Метал Трэйдинг» ЖШС бас директоры.

2006 – 2010 жылдары – Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Горные технологии» ЖШС Бас директоры.

2009 – 2021 жылдары – Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары – атқарушы директор, басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Қостанай облыстық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаты болып «Шортанды» сайлау округінен сайланды.

2021 жылғы қаңтардан бастап – VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының тәуiлсiздiгiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалімен марапатталды.


Жеке парағы